25 Қаңтар, 2016

Алғаш рет бес қаруын асынған жауынгер шаңғымен жарысты (фото)

546 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
???????????????????????????????????? АСТАНА. 25 қаңтар. Астана қаласы Орталық саябағында әскери қызметшілер арасында шаңғымен жүгіруден жарыс өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Оған Қорғаныс министрлігінің Орталық аппараты, Қарулы Күштердің Бас штабы, бас басқармалары, орталықтары, Ақмола өңірлік гарнизонының әскери бөлімдері мен мекемелерінің 300-ге жуық әскери қызметшісі қатысты. «Шаңғы даярлығы жауынгерлік даярлық бағдарламасына кіреді. Біз шаңғыда жүгіреміз, оқ атамыз. Шаңғы дайындығы әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығының ажырамас бөлігі болып қалуы тиіс. Барлықтарыңызға сайыста сәттілік, жеңіс тілеймін», деді Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштердің Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов. Спорт комитетінің төрағасы – Армия орталық спорт клубының бастығы Айталап Қорғамбаевтың айтуынша, жауынгердің толық жарақтандырылуымен мұндай шаңғы жарысы Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр. Бірнеше сағат бұрын сайысқа қатысушылар үш рет жүгіріп өтті. Оның әрқайсысында үш көшбасшы айқындалды. Алғашқы жүгіруде бірінші орынды Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің командасы, екінші жүгіруде бірінші орынды Қарулы Күштердің Әскери полициясы бас басқармасы, үшінші жүгіруде 68665 әскери бөлімінің әскери қызметшілері алтын медальді жеңіп алды. Жалпы командалық есепте турнирдің бас жүлдесін 68665 әскери бөлімінің командасы иеленді. «Гарнизон арасында біз бірінші орынды иелендік, өте қуаныштымыз. Командамыз мықты әрі тату. Біз бұл жарысқа дайындалдық, жеңіске әбден лайықтымыз», деп атап өтті жеңіс тұғырынан көрінген команданың әскери қызметшісі сержант Ж.Қалибекова. Армиялық шаңғыда жүгіру Қарулы Күштер офицерлерінің, келісімшарт бойынша әскери қызметшілерінің, әйел әскери қызметшілердің дене даярлығының деңгейін арттыру, олардың спорттық шеберліктері мен әскери-кәсіби дайындығының деңгейін көтеру мақсатында өткізілді. Қазақстандық армияда дене даярлығы жауынгерлік даярлықтың негізі болып табылады. Қарулы Күштердің офицерлері мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілері ұдайы негізде президенттік тест, ай сайын дене даярлығы бойынша нормативтер тапсырады. Ал жылдың соңында қорытынды тексерісте өздерінің көрсеткіштерін растайды. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі. ???????????????????????????????????? ???????????????????????????????????? ???????????????????????????????????? ???????????????????????????????????? ???????????????????????????????????? ???????????????????????????????????? ???????????????????????????????????? ???????????????????????????????????? ???????????????????????????????????? ???????????????????????????????????? ???????????????????????????????????? ????????????????????????????????????