25 Қаңтар, 2016

Үндістанда ірі жол апаты болды

341 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
25-01-2016 indiaАСТАНА. 25 қаңтар. Үндістанның солтүстігінде Нью-Дели қаласына таяу маңда ірі жол апаты болды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Әйгілі Тәж Махал кесенесінің маңайында бір мезетте 50 көлік соқтығысып, 1 адам қаза тапты. Сондай-ақ, 26 адам түрлі дене жарақатын алды. Олар жақын жердегі ауруханаларға жеткізілді. Тәртіп сақшыларының айтуынша, алғаш болып соқтығысқан жеңіл автокөлік пен жүк көлігі кейінгілеріне әсер еткен. Мамандар апаттың басты себебі, тұманның салдарынан болды деген шешім шығарды. Оқиға орнында полиция қызметкерлері тергеу жұмыстарын жүргізу үстінде. Айта кетейік, Үндістан жол апатынан қаза табушылар көрсеткіші бойынша, әлемде бірінші орында тұр. Бұл мемлекетте жылына 200 мыңға жуық адам жол-көлік оқиғасының құрбаны болады. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Сурет: trend.az.