25 Қаңтар, 2016

Тұңғыш рет АҚШ әскерилерімен кадеттерді оқыту пысықталды

316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
25.01.2016 AST-7 АСТАНА. 25 қаңтар. Шучье қаласындағы Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мен АҚШ арасындағы 2016 жылға арналған Әскери қатынастар жоспарына сәйкес кадеттерді оқыту әдістемесін жетілдіру бойынша семинар өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Аталған семинар Қарулы Күштерде алғаш рет өткізіліп отыр. Алда осындай іс-шараларды өткізу кезінде зерделеу мен тәжірибе алмасу үшін ықпалдастықты кеңейту жоспарлануда. АҚШ Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің сержант-майорлар академиясының сержант-нұсқаушылары жеке құрамды оқыту әдістемесі бойынша оқытушы және сержанттар құрамымен және негізгі нұсқау беруші құраммен сабақ өткізді. Семинарда Кадет корпусының 25 оқытушысы мен сержанты сабақты даярлау, топпен жұмыс істеу, жоспар-конспектіні әзірлеу, өз бетінше жұмыс жасау және дәріс алушыларды бағалауды ұйымдастыру әдістемелерін пысықтады. Естеріңізге сала кетсек, Ш.Уәлиханов атындағы Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусы ҚР Қарулы Күштерінің сержанттар құрамы лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет атқарып жүрген кіші командалық құрамға бастапқы әскери білім бағдарламасы бойынша даярлықты жүзеге асырады. 2015 жылы оқуды ең көп сержант, яғни 214 адам бітірді. Барлық кезеңде «Әскери басқару» мамандығы бойынша 2 224 сержант бітіріп шықты. Олардың ішінде оқуды 2012 жылы – 206, 2013 жылы – 206, және 2014 жылы 181 сержант аяқтады. Жыл сайын Қазақстанның армиясы кәсіби келісімшарт әскери қызметшілерімен толығып жатыр. 2015 жылы әскери қызметке келісімшарт бойынша қабылданған әскерилердің сапасы артты. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі. 25.01.2016 AST-8 25.01.2016 AST-9