25 Қаңтар, 2016

Алматыда балалар және жасөспірімдер футболы қаралады

374 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
25.01.2016 AST-6 АСТАНА. 25 қаңтар. Ертең Алматыда Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында Қазақстандағы балалар және жасөспірімдер футболының дамуына арналған конференция өтеді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Конференцияға Қазақстан футбол федерациясының өкілдері, Премьер-Лига мен Бірінші Лига клубтарының басшылары, жастар футболын дамыту бағдарламасының жетекшілері, футбол орталықтарының жаттықтырушылары, «Жас Қыран» балалар және жасөспірімдер лигасының қатысушылары, сонымен қатар, Алматы қаласы мен Алматы облысының балалар және жасөспірімдер спорт мектебі мен жеке футбол мектебінің өкілдері қатысады. Жиында балалар және жасөспірімдер футболын дамыту мәселелері, Қазақстандағы нөмірі бірінші спортты дамыту жолдары қаралады. Кездесудің қорытындысы бойынша негізгі сұрақтардың барлығы Қазақстан Республикасында 2016-2026 жылғы дейінгі футболды дамытуға арналған бағдарламаға енгізіледі. Конференция 26 қаңтар күні сағат 09:30-да басталады. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: Қазақстан футбол федерациясы.