21 Қаңтар, 2016

Биыл Оралда Жастар сарайының құрылысы басталады

307 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
21-01-2016-oral 01ОРАЛ. 21 қаңтар. Батыс Қазақстан облысының орталығы – Орал қаласында Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг (КПО) компаниясының әлеуметтік жобаға бөлінген 2,8 миллиард теңгесіне Жастар сарайы салынады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Бұған дейін аталған компанияның әлеуметтік жобалары шеңберінде 2015 жылы жұмсалған қаржы есебін баяндаған болатынбыз. Ал осы жолы КПО б.в. компаниясының директоры Ренато Маролидің 2016 жылға арналған әлеуметтік бағдарламасын тоқталып өтейік. Барлығы 2016 жылы облыс бойынша 17 әлеуметтік жоба, оған қоса тек бір ғана Бөрлі ауданы бойынша 15 жоба жоспарлануда. Атап айтқанда, Орал қаласы бойынша Жастар сарайының құрылысы (тапсыру мерзімі – 2017 жыл); Жайық өзенінің оң жағалауын абаттандыру (2 кезеңге жалғасады); Достық даңғылы автожолын күрделі жөндеуден өткізу; М.Ихсанов көшесі автожолын қайта жаңғырту; Жастар стадионындағы допты хоккейге арналған алаңды жабдықтау; кітапхана және мұрағат құрылысы; Мұхит көшесі мен Еуразия даңғылы қиылысынан бастап 2-ші база аялдамасына дейінгі автожолды күрделі жөндеуден өткізу; Еуразия даңғылындағы су құбырлары коллекторларын қайта жаңғырту; кішігірім Жымпиты, Чкалова көшелері автожолдарына орташа деңгейде жөндеу жүргізу; 7 және 9-шағын аудан араларында ішкі жолдардың құрылысын жүргізу; Циолковский көшесіне орташа жөндеу жүргізу; Шевченко мен Исаев көшелері автожолдарына күрделі жөндеу жүргізу; №2 орта мектебіне күрделі жөндеу жүргізу, Орал қалалық демалыс саябағындағы Шаған өзенінің оң жағалауын абаттандыру (1 кезеңнен тұрады); Ақжайық ауданы Шабдаржап ауылына 198 орындық мектеп салу; Шәкір Жексенбаев атындағы Ұялы ауылдық орта мектебін күрделі жөндеуден өткізу көзделуде. Сонымен қатар, облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметтеріне көз салсақ, бұдан басқа жер қойнауын пайдаланушылардан жалпы аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына 2016 жылы 335 миллион теңге бөліну жоспарлануда. Салыстырмалы түрде 2015 жылы бұл сома 335 миллион теңгені құрса ал 2014 жылы тек 245 млн теңге бөлінген. КПО б.в. компаниясы әлеуметтік жобаларға әр жылға 20 миллион доллар төңіргенде, ал 2014 жылдан бастап жер қойнауы өндіріліп жатқан Бөрлі ауданына 10 миллион доллардан бөле бастағанын айта кеткен жөн. Темір Құсайын. Дерек, сурет: egemen.kz.