22 Қаңтар, 2016

Алаяқтың да алаяғы болады

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Оңтүстікте жұмысқа тұру оңай шаруа емес. Адам көп, қызмет аз. Сон­дықтан, көпшілік пара берсем жұ­­мысқа орналасамын деп ойлайды. С. деген азамат осыны өз мақ­­­сатына пайдаланудың өзі­не тиімді жолын тапқан. Сы­­қиып киініп алады. Түрі ұр­тына май жаққандай жылтырап тұр. Облыстағы үлкен қыз­мет орнындағы ірі мансап иесі. Ең бас­тысы, ол кімді болса да жұ­мысқа тұрғыза алады. Осын­дай деп сыбыс жібереді. Мұндайда кім аянып қалсын. Соңынан құлай жүгіреді. С. бір жігітті Созақтағы ірі кәсіп­орын­­дардың біріне орна­лас­тырмақ болып 40 мың теңгесін алған. Дұрысы, ана азаматтың өзі әкеп берген. Апта өтеді, ай өтеді, жұ­мыс жоқ. Жыл өтеді, жұ­мыс жоқ. С. сырғақси берген соң әл­гі ашынған азамат Шым­кент ҚІІБ Абай аудандық ІІБ-ның кезекші бөліміне хабарласады. Полиция қызметкерлері дереу іздестіру шараларын жүр­гізіп, 1969 жылы туған кү­дікті азаматты қолға түсіреді. Сөйт­се, елді жұмыспен жарыл­қай­мын деп жүрген С.-ның өзі жұ­мыс­сыз екен. Тексеру барысында оның алаяқтық бойынша 30 дерекке қатысты бол­ғандығы анық­талды. Бұл енді анықталғаны ғана. Жәбірленушілерге келтірген шы­ғын 2 млн. теңгеден асып отыр. Баяғыда елді алдап бас пай­дасын көздейтін біреу «бір секірдім – құтылдым, екі се­кір­дім – құтылдым, үшіншіде тұ­тылдым» депті. С. екі-үшеу­ді қанағат қылмай, 30 рет се­­кіріп аман қалып, өзінің пы­­­сық­тығына әбден сенген сы­­ңайлы. Енді оның үстінен ҚК-нің 190-бабы бойынша қыл­­мыстық іс қозғалды. Ол қа­мауға алынды. Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан». Оңтүстік Қазақстан облысы.