22 Қаңтар, 2016

Жас өнертапқыштың жарқын жобасы

382 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
21-01-16-Жас өнертапқыш.Қызылордада Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Ақмарал Бисенова қысқа толқынды пешке хош иістендіргіш жасаудың жаңа тәсілін ойлап тапты. Оның айтуынша, аталған тәсіл арқылы 5 минутта кез келген ғимаратты қажетті жұпар иіске бөлеуге болады. Инновациялық жобаның жетекшісі Нұрбол Аппазов: «Бұл өнертабыс әлемдегі белгілі порфюмерлердің сұранысын тудыруы мүмкін. Оны басқа салада да пайдалануға мүмкіндік зор», – дейді. Сондай-ақ, ол әзірленген әдісті фармацевтік өнеркәсіпте, яғни дәрі дайындау кезінде, тағам мен бояу өнеркәсібінде ерітінділерге пайдалануға болатынын айтты. Әдетте, хош иістендіргішке негіз ретінде мұнай қалдықтары қолданылады. Өйткені, реакцияға ас сірке суы мен катализатор қатысады. Ал жас өнертапқыштың бұл жобасындағы хош иістендіргіште затты өндіру кезінде қалдық шықпайды әрі қоспадан тазалау үшін қосымша шығын талап етілмейді. Сондықтан да мамандар Ақмаралдың осы тәсілін экономикалық тұрғыда өте тиімді дейді. Айта кетейік, өнер иесі болашақта өз жетек­шісімен бірлесіп бизнес-жоспар әзірлеп, демеуші тауып, жобаны қолданысқа енгізуді көздеп отыр. Төребек ТҰРМАНОВ.