22 Қаңтар, 2016

«Қаһарман ұрпақ» қоғамдық қорының МӘЛІМДЕМЕСІ

417 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қаһарман ұрпақ» қоғамдық қорының «Бесінші шақырылған Парламент Мәжілісін тарату, сондай-ақ,

Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа қатысты

МӘЛІМДЕМЕСІ

Біз, «Қаһарман ұрпақ» қоғамдық қорының ұжымы, Президенттің «Бесінші шақырылған Парламент Мәжілісін тарату, сондай-ақ, Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Жарлығын зор ықыласпен қарсы алдық. Жаһандық деңгейде белең алып отырған экономикалық және саяси дағдарыстарға қарамастан, Елбасының сындарлы саясатының арқасында еліміз тұрақты даму үстінде. Қазақстан әрқашан кез келген сынақтан жаңғырған, қуатты ел болып шығып келеді. Осынау жауапты сәтте тек барша қазақстандықтардың бірлігі мен келісімді іс-әрекеттері ғана әлемдік экономикалық соққыларға қарсы тұруға мүмкіндік береді. Осы орайда, қоғамдық қор ұжымы жаңа белестерді еңсеру жолында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының бастамасын заңдастырғаны үшін Мемлекет басшысына алғысын білдіреді және Қазақстан халқын Жарлықты қолдауға шақырады.