22 Қаңтар, 2016

Келешегі бар жобалар талқыланған қабылдау

348 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
21-01-02Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысының әкімі Сер­гей Кулагинді қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында С.Кулагин Мем­лекет басшысына өңірдің қазіргі әлеу­меттік-экономикалық дамуы мен алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы баян­дады. Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде облыстар арасында өзара тауар алмасуды күшейту қажеттігін, сол мақсатпен әр өңірде өндіріс пен тұтыныс теңгерімін жүргізу керектігін атап айтты. Ақмола облысының әкімі 2015 жылы өнеркәсіп өндірісінің нақты көлемі 6,9%, ауыл шаруашылығы өнім­дері 2,1%, құрылыс жұмыс­тары 6,1% өскенін жеткізді. С.Кулагин өңірде азық-түлік тауарлары бағасының өсімін тежеу үшін қабылданып жатқан шаралар туралы айтты. Сондай-ақ, Мемлекет басшысына Индустрияландыру кар­тасының жүзеге асырылу барысы туралы да баяндалды. Соң­ғы екі жылда индустриялық-инно­ва­циялық даму бағдарламасы аясын­да жалпы құны 63,6 миллиард теңге болатын 21 жоба іске қосы­лып, 1,7 мыңнан астам жұмыс ор­ны ашылған. Сонымен қатар, Астананың «азық-түлік белдеуі» аясындағы перс­пективалы жобалар талқы­ланды. Мемлекет басшысы кездесу қоры­тын­дысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді. Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.