21 Қаңтар, 2016

Голливуд жұлдызы «Оскар» сыйлығына бойкот жариялады

502 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
21-01-2016 will smithАСТАНА. 21 қаңтар. Голливудтың танымал жұлдызы қара нәсілді Уилл Смит «Оскар» сыйлығының салтанатты кешіне қатыспайды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Осымен екінші жыл қатарынан үміткерлер құрамы тек ақ нәсілділерден құралғанына байланысты Уилл Смит өз наразылығын білдірді. Сондай-ақ, «Оскар» сыйлығына бойкот жариялаған жұбайы актриса Джада Пинкетт Смиттің қатарына қосылды. «Әйелім екеуіміз ақылдаса келе, осындай шешімге келдік. Біз де Голливудтың мүшелеріміз. Алайда салтанатты кешке қатысар болсақ, жасандылық танытып, өзімізді ыңғайсыз сезінген болар едік», – дейді танымал актер. Айта кетейік, аталған сыйлықтың үміткерлері 14 қаңтар күні белгілі болды. «Үздік режиссерлік жұмыс», «Үздік актер», «Үздік актриса», «Екінші жоспардағы үздік актер», «Екінші жоспардағы үздік актриса» атты бес санаттан тұратын «Оскар» сыйлығын да бір де бір қара нәсілді үміткер жоқ. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Сурет: moviepilot.com.