21 Қаңтар, 2016

Ертіс суының көтерілуі семейліктерге қауіп тудырып отыр

332 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
21-01-2016 SemeyӨСКЕМЕН. 21 қаңтар. Ертіс өзенінің Семей қаласы тұсындағы арнасы бітеліп, Шығыс кентіндегі аулаларды су басып кету қаупі туды. Қазіргі кезде Түйемойнақ аралында сақтандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Аталған жағдайды облыс басшылығы өз бақылауына алды. Төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб құрылды. Оқиға орнында дауыс зорайтқышы бар екі автокөлік көшелерді аралап, сақтандыру шараларын жүргізуде. Екі топтан құралған құтқарушылар жергілікті атқарушы орган өкілдерімен бірге аулаларды тексеріп, ұсыныстар мен жадынамалар үлестірді. Су бекетінің кезекшісі екі сағат сайын су деңгейінің өлшемін алып отыр. Соңғы сәтте су деңгейінің төмендей бастағаны тіркелді. Шығыс кентінің аумағындағы жұмыстарды облыс әкімінің орынбасары мен Семей қаласының әкімі, Семей қаласының төтенше жағдайлар басқармасының басшысы қадағалауда. Сондай-ақ түрлі ұйымдар мен қызмет жетекшілеріне, ауыл және кент әкімдіктеріне Ертіс өзеніндегі су деңгейінің көтерілгені туралы жазбаша ескерту хат жолданды. Хатта қажетті іс-шараларды өткізуге ұсыныс берілді. Думан Анаш. Дерек, сурет: ШҚО ТЖ департаменті.