21 Қаңтар, 2016

Бразилияда жеңілмоторлы ұшақ автокөліктің үстіне құлады

226 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
21-01-2016 brazil АСТАНА. 21 қаңтар. Бразилияның оңтүстігінде орналасқан Лондрина қаласында жеңілмоторлы ұшақ жолаушылар мінген көлікке құлап, 5 адам қаза тапты. Бұл туралы Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Сондай-ақ, тағы бес адам түрлі жарақат алып, ауруханаларға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, науқастардың жағдайы өте нашар. Қайғылы оқиға ауылшаруашылық жұмыстарын орындау кезде болды. Ал көлік ішіндегі жолаушылар жақын маңайдағы автомагистральдың қызметкерлері. Апаттың себебі әзірге белгісіз. Полиция қызметкерлері оқиға орнында тергеу жұмыстарын жүргізуді бастады. Аян Әбдуәли. Дерек: Синьхуа. Сурет: lenta.ru.