19 Қаңтар, 2016

Бейбітшілік пен тұрақтылық үшін ризамыз

417 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Артур КарапетянҚұрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Сізге еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылық, бірлік пен келісім үшін ризашылығымды біл­діргім келеді. Бүгін біз еліміз халықаралық аренада лайық­ты орнын алды деп сеніммен айта аламыз. Парламент Мәжілісінің өз өкілеттілігін мер­зімінен бұрын тоқтату туралы шешімін жауапкершілікті, ойластырылған және уақтылы шешім деуіміз керек. Мен жаңа сайлаулар қазақстандықтардың электораттық белсенділігін арттырып қана қоймай, сондай-ақ, оларды Болашақтың Біртұтас Ұлтын құруға тікелей және мүдделі қатысушылар жасайтынына сенімдімін. Сайлау – бүкіл халықты топтастыру, оның ең белсенді де озық өкілдерін таңдау ісінде ең алғашқы және ең қажетті қадам. Ал бұл жайт өз кезегінде Сіздің жоспарларыңыз бен тапсырмаларыңызды жүзеге асыруда «екпінді жасақ» рөлін атқаратынына еш күмән жоқ. Нұрсұлтан Әбішұлы, Сізден Парламент Мәжілісі депутаттарының Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауларын өткізу туралы үндеуін қолдауды өтінемін!  Артуш КАРАПЕТЯН, ҚХА Кеңесінің мүшесі.