19 Қаңтар, 2016

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Парламент депутаттарының МӘЛІМДЕМЕСІ

207 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Парламент депутаттарының Мәжілісті тарату және Парламент пен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауларын өткізу туралы бастамасына байланысты

МӘЛІМДЕМЕСІ

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы Парламент депутаттарының Мәжілісті тарату және Парламент пен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауларын өткізу туралы бастамасын қолдайтынын мәлімдейді. Қазақстан ғалымдары қазіргі таңда 5 институттық реформаны және дағдарысқа қарсы кешенді шараларын жүзеге асырудың айрықша маңыздылығын атап өтеді. Біріншіден, еліміз бүгінде дамудың мүлдем жаңа сапалық деңгейіне аяқ басты. Бес институттық реформа «Қазақстан-2050» Стратегиясының басты межесі – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуымызға тың серпін береді. Сондықтан, Ұлт Жоспарын табысты іске асыру үшін халықтың жаңа сенім мандатына ие болған президенттік реформалар Парламенті және жергілікті мәслихаттар қажет. Екіншіден, әлемдік дағдарыстың аса қуатты кезекті легі келе жатыр. Осыған байланысты дағдарысқа қарсы шаралардың стратегиясы қабылданды. Бұл шаралардың мұқият жүзеге асырылуы еліміздің өсімін, реформалары мен дамуын қамтамасыз етеді. Жаңа Парламент пен барлық деңгейдегі мәслихаттар дағдарысқа қарсы стратегияның жүзеге асырылуын заңнамалық қамтамасыз етуі тиіс. Үшіншіден, сайлау мерзімін бір жылға созбай кезектен тыс өткізу халықтың сайлау науқанына алаңдамай, елдік істерге жұмылуына, әрі қазіргі таңда әрбір тиыны маңызды бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді. Осы пайымдардың негізінде Ұлттық ғылым академиясы Парламент депутаттарының ұстанымдарын құптай отырып, барша қазақстандықтарды халық қалаулыларының бастамасын қолдауға үндейді. «Тау-кен өндірісі және тау-кен металлургиясы кәсіпорындары» ЗТБ-ның Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауларын кезектен тыс өткізу бастамасын қолдау туралы МӘЛІМДЕМЕСІ Тау-кен өндірісі мен тау-кен металлургиясы кәсіпорындарының қауымдастығы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауларын кезектен тыс өткізу туралы бастаманы қолдайды. Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар құрамдарының жаңаруы уақтылы және елдің жаңа реформалар мен шешімді іс-әрекеттерін қуаттайтын заңды үдеріс болып табылады. «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары реформалардың жаңа кезеңі үшін қажетті заңнамалық тұғырнама жасауға мүмкіндік берді. Алдағы сайлаулар заң шығару және жергілікті билік өкілдеріне деген сенімді нығайтуға мүмкіндік беріп қана қоймай, мемлекеттің дағдарысқа қарсы стратегиясын әрі қарай тиімді жүзеге асыруға қатысты қоғамда қалыптасқан консенсустық жағдайды қуаттап беріп отыр. Барлық өнеркәсіп кәсіпорындарын, Қазақстан азаматтарын алдағы сайлауларға қолдау көрсетуге шақырамыз.