19 Қаңтар, 2016

«Қазақстан дүнгендерінің қоғамы» МӘЛІМДЕМЕСІ

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақстан дүнгендерінің қоғамы» ҚБ-ның Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын кезектен тыс сайлауларын өткізу

бастамасын қолдау туралы

МӘЛІМДЕМЕСІ

«Қазақстан дүнгендерінің қоғамы» ҚБ Қазақ­станда Мәжіліс пен мәслихаттардың кезектен тыс сай­лау­ларын өткізу туралы бастаманы толықтай қол­дайды. Біз әлемдік экономикалық дағдарыстың, заманауи сын-қатерлердің салдарын табысты еңсеру және елді кең көлемді жаңғырту бойынша стратегиялық бағытты әрі қарай жүзеге асыру жолындағы аталған қадамның дұрыстығына сенімдіміз. Парламентшілердің бастамасы халқымызды Тәуелсіздіктің 25-ші мерейтойлы жылындағы тарихи жаңа кезеңінде топтастыра түсіп, күш-жігерімізді мемлекет экономикасының маңызды мәселелерін шешуге жұмсауға жұмылдыратынына сеніміміз кәміл. Қазақстан дүнгендері жаңа Парламент Мәжілісі мен мәслихаттардың жұмысын қолдауға және барлық саяси партиялардың жұмысына Қазақстан халқының игілігі жолында белсене қатысуға дайын. Барлық қоғамдық күштерді Ұлт Жоспарын жүзеге асыру бойынша конструктивті ынтымақтастыққа шақырамыз.