19 Қаңтар, 2016

«Қазақстан украиндары радасының» МӘЛІМДЕМЕСІ

319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақстан украиндары радасының» Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының

кезектен тыс сайлауларын өткізу

бастамасын қолдау туралы

Қазақстан украиндарының радасы Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауларын өткізу бастамасын қолдайды. Тәуелсіздіктің 25 жылында дамуда адам сенгісіз секіріс жасаған біздер – қазақстандықтар қуатты да заманауи мемлекет құру жолында еңбектену үстіндеміз. Бірліктің, жұдырықтай жұмылу мен рух күштілігінің арқасында біз экономикалық дамуға, этносаралық келісім мен қоғамдағы тұрақтылыққа қол жеткіздік. Бүгінде Қазақстан мемлекет құрылысының сапалы жаңа кезеңіне аяқ басты. Мемлекет басшысы 5 институттық реформаны ілгерілетсе, ол Болашағы Біртұтас Ұлт қалыптастыруда арқаулық вектор рөлін атқарып отыр. Біз жаңа сайлау Қазақстанның барлық азаматтарының Ұлт Жоспарын жүзеге асыру үдерістеріне қатысуын белсенді ете түсуіне, партиялардың елді дамыту міндеттерін шешуге кеңінен қатысуы негізінде бейбітшілікті, бірлік пен келісімді нығайту жолындағы жалпыұлттық мәмілеге келуге мүмкіндік береді деп үміттенеміз.