19 Қаңтар, 2016

Ата Заңға сай қадам

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
18-01-01.Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Конституциялық кеңес төрағасы Игорь Роговпен консультация өткізді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында кезектен тыс Парламент сайлауын өткізу мәселесі талқыланды. Мемлекет басшысы Мәжіліс депутаттарының үндеуін алғанын, онда аталған бастамаға реформаларды және мемлекет белгілеген дағдарысқа қарсы шараларды тиімді жүзеге асыру қажеттігі негіз болғанын атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Парламенттің қос палатасының төрағаларымен және Премьер-Министрмен консультация өткізгенін айтты. И.Рогов Конституцияның 63-бабының 1-тармағына сәйкес, Парламентті немесе Парламент Мәжілісін Қазақстан Президенті Парламент палаталарының төра­ға­ларымен және Премьер-Министр­мен консультациядан кейін тарата алатынын айтты. Сонымен бірге, Конституциялық кеңес төра­ғасы кезектен тыс сайлау Парла­мент немесе Парламент Мәжі­лісі өкілеттігін мерзімінен бұрын доғарған күннен кейін екі ай ішін­де өткізілетініне назар аударды. И.Рогов Мәжіліске кезектен тыс сайлауды алдағы барлық дең­гейдегі мәслихаттар сайлауымен бір мезгілде өткізу Конституция нормаларына толық сай келетінін атап өтті. Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.