18 Қаңтар, 2016

Омбыда көлікке шана байлап сырғанаған ер адам қаза тапты

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
18-01-2016-omsk 01АСТАНА. 18 қаңтар. Ресейдің Омбы қаласында автомобильге шана байлап сырғанаған жас жігіт қайғылы жағдайға душар болып, қаза тапты. Ал көлікті басқарып отырған оның досы бұл кезде ішімдік ішіп алған. Бұл туралы ntv.ru-ға сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігі аймақтық басқармасының хабарлауынша, оқиға кеше Чернолучье ауылының маңында болған. Көлікті қаза тапқан жанның досы басқарған. Бұрылыс кезінде шана жолдың қарсы бетіне шығып кетеді. Ал ол кезде қарсы бағытта Jeep Grand Cherokee көлігі келе жатқан. Салғырттық салдарынан шанадағы ер адам сол көліктің астына түсіп, көз жұмды. Сонымен қатар, аталған ведомствоның хабарламасында: «1965 жылы туған жүргізуші «Сказка» демалыс орнына апарар жолда 1990 жылғы ер адамды көлігімен басып кетті. Жол-көлік апаты салдарынан жас жігіт оқиға орнында қаза тапты. Сондай-ақ, Mitsubishi көлігінің жүргізушісі – 1988 жылы туған ер адамның мас күйде рөлге отырғаны анықталды. Қазіргі таңда оған қатысты әкімшілік іс қозғалды», – делінген. Еламан Қоңыр. Дерек: ntv.ru. Сурет: 07kbr.ru.