18 Қаңтар, 2016

Иракта болған жарылыстан 13 адам қаза тапты

348 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
18-01-2016-IranАСТАНА. 18 қаңтар. Ирактың Рамади қаласында жарылған минадан кем дегенде 13 адам қаза тапты. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. «Әл-Жазира» телеарнасының мәлімдеуінше, жергілікті әскерилер мен содырлар арасындағы қақтығыстан қала халқы қауіпсіз аймаққа көшіп үлгермеген. 2015 жылдың 28 желтоқсан күні Ирактың әскери жасағы, Анбар провинциясының әкімшілік орталығы Рамади қаласын, содырлар тобынан босатып алғаны жөнінде ақпарат тараған. Алайда, әлі күнге дейін олардың санаулы бөліктері қала ішін торуылдап жүр. Ал 30 желтоқсан күні аталған провинцияның губернаторы Сухейиб-ар-Рауи қылмыстық топпен күрес әлі де болсын Рамади қаласында жүріп жатқанын айтты. Айта кетейік, содырлар ұйымы 2014 жылдың жазынан бері Ирактың солтүстігі мен батысында шабуыл жасап келеді. Әлемдік қолдау мен майдан алаңындағы жеңістеріне қарамастан ел басшылығы әлі күнге дейін билікті толығымен өз қолдарына ала алмай келеді. Ирак жерінің үштен бір бөлігін лаңкестер тобы басқаруында. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Сурет: ru.euronews.com.