12 Қаңтар, 2016

Қарулы Күштердің үздік өңірлік қолбасшылығы аталды (фото)

479 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
???????????????????????????????????? АСТАНА. 12 қаңтар. ҚР Қарулы Күштерінде жаппай 2015 жылдың қорытындысы шығарылуда. Сонымен, Құрлық әскерлерінде осы жылы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы, ал бригадалар арасында 38-десанттық-шабуылдау бригадасы үздік атанды.  Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Құрлық әскерлері бас қолбасшысы басқармасының құрылымдық бөлімшелері арасында офицерлік кадрларды іріктеу және жетілдіру бойынша сауатты жүргізіп жатқан жұмысы үшін бірнеше мәрте ерекше көзге түскен кадрлар басқармасы үздік деп танылды. «ҚР Қорғаныс министрінің бізге белгілеген былтырғы жылғы қызметіміздің жоғары нәтижелері жауынгерлік даярлықты жетілдіру, әскери тәртіпті нығайту, қызметтің қауіпсіз жағдайын қамтамасыз ету және қару-жарақ пен әскери техниканы ұқыптап ұстау сынды әскерлерде өткізіліп жатқан курстың дұрыстығын растады», деп ҚР ҚК ҚӘ бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев жылдың қорытындысын жасады. Қорытынды 2010 жылдан бастап Құрлық әскерлерінде қолданылып жүрген рейтингтік бағалау жүйесіне сәйкес шығарылды.  Жеңімпаздар ауыспалы вымпелдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жауынгердік даярлықтағы негізгі күш-жігер әскерлерді практикалық оқытуға бағытталғанын айта кетейік. 2015 жылы Құрлық әскерлері құрамалары мен бөлімдерінің бөлімшелері 689 далалық шығулар мен 72 лагерлік жиынға қатысты, танктер мен ЖӘЖМ-нің қару-жарағынан 21 мыңнан аса, оның ішінде 6 мыңнан астамы түнгі уақытта практикалық оқ атулар өткізілді. Құрлық әскерлері – Қарулы Күштерінің анағұрлым маңызды және көп санды түрі. Олардың қуаты Отанымыздың егемендігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етудің негізі болып табылады. Бұл әскер түрінің әскери қызметшілері осы жылғы барлық маңызды және ірі ауқымды «Айбалта», «Өзара іс-қимыл», «Мызғымас бауырластық», «Дала қыраны» оқу-жаттығуларына және көптеген басқа да оқу-жаттығуларға қатысты. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі. ???????????????????????????????????? ???????????????????????????????????? ???????????????????????????????????? ???????????????????????????????????? ????????????????????????????????????