Аймақтар • 17 Мамыр, 2024

Тұншықтырып, ұрған: Тәрбиешілері балаларға озбырлық көрсеткен балабақша жабылды

78 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісу облысындағы балабақшалардың бірінде тәрбиешілер бүлдіршіндерді ұрып-соққаны туралы ақпарат тарады, деп жазады Egemen.kz.

Тұншықтырып, ұрған: Тәрбиешілері балаларға озбырлық көрсеткен балабақша жабылды

Әлеуметтік желіде бұл оқиғаның бейнежазбасы қызу талқыланды. 

Сол тәрбие беру ұйымының жабылғаны белгілі болды. Ал бүлдіршіндерге қол жұмсаған қызмкеткерлер жұмыстан қуылған.

Жергілікті әкімдік мекеменің он күнге жабылғанын хабарлады. Сондай-ақ тәрбиешілер мен балабақша меңгерушісінің жұмыстан босатылғанын айтты.

- 15 мамыр күні білім және полиция бөлімінің қызметкерлері балабақшадағы бейнебақылау камераларын қарап,тексеру жұмыстарын жалғастыруда. Балабақша меңгерушісі мен тәрбиешінің көмекшісі және негізгі тәрбиеші, үшеуі 15 мамыр күні жұмыстан босатылды. ҚР ҚК 140-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп жауап берді Панфилов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Нұрбол Ханағат.

Айта кетейік, бұл оқиға Жетісу облысы, Жаркент қаласындағы балабақшалардың бірінде болған.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан бір топ ата-ананы байқауға болады. Олар балабақшадағы бейнебақылау камерасының жазбасынан өз перзенттерін аяусыз ұрып-соққанын жүрегі езіле көріп отыр.

- Тып-тыныш отырған баламды салып қалды, - дейді аналардың біреуі.

Соңғы жаңалықтар