12 Қаңтар, 2016

Интернационал жауынгерлерге ордендер табыс етілді

362 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
12.01.2016 AST-41 АСТАНА. 12 қаңтар. Солтүстік Қазақстан облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының интернационал жауынгерлеріне ордендерді табыстауға арналған іс-шара өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. «Жауынгерлік іс-қимылдарға қатысушы» ордені «Патриот KZ» халықаралық қордың шешімімен бекітілді.  Бұл орденмен интернационал жауынгерлер Болат Ережепов пен Игорь Гамов марапатталды. Одан басқа, қазақстандық патриотизм рухында жастармен әскери-патриоттық жұмысты өткізуде сүбелі үлес қосқаны үшін Солтүстік Қазақстан облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Е.Байболовты ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халық қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев «Батыр шапағаты» медалімен марапаттады. Іс-шараға оқшаулы соғыс пен ауған соғысының ардагерлері, интернационал жауынгерлер, ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектеп тәрбиеленушілері, Солтүстік Қазақстан облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен басқармасының жеке құрамы және Ақмола облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Ж.М.Ережепов шақырылды. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі. 12.01.2016 AST-42