12 Қаңтар, 2016

Маңғыстауда салық саласының екі лауазымды қызметкері ұсталды

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
12-01-2016-aktau 04АҚТАУ. 12 қаңтар. Маңғыстауда салық саласының екі лауазымды қызметкері ұсталды. Бұл туралы nur.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Атап айтқанда, мемлекетке салық төлеушіден түсіп тұрған табысты кері қайтарып отырған облыстық мемлекеттік кіріс департаменті басшысының орынбасары мен бөлімнің бас маманы ұсталды. Оларға «қызмет бабын асыра пайдаланды» деген айып тағылып отыр. Мемлекеттік кіріс департаментінің қос шенеунігі жекеменшік компания төлеген қосымша құн салығын сол фирмаға заңсыз қайтаруға жәрдемдескен. Олар жалған құжат дайындап, қазынаға түскен 145 миллион теңгені салық төлеушінің қалтасына қайта салып беріпті. Қазіргі таңда департамент қызметкерлері уақытша ұстау абақтысында қамалған. Гүлайым Шынтемірқызы. Дерек: egemen.kz. Сурет: mgorod.kz.