12 Қаңтар, 2016

Әскери-әуе күштерінің үздік бөліміне алғаш рет кубок табыс етілді (фото)

345 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
12.01.2016 AST-33 АСТАНА. 12 қаңтар. Әскери-әуе күштері қолбасшысының басқармасында 2015 оқу жылы бойынша Әскери-әуе күштерінің әскери бөлімдері арасында жауынгерлік даярлық қорытындыланды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Алғаш рет ҚР ҚК ӘҚК Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов салтанатты түрде 2015 оқу жылының қорытындысы бойынша ҚР ҚК ӘҚК ӘӘК үздік әскери бөлім командиріне ауыспалы кубокты табыс етті. Ол кубокты подполковник Қайрат Пернебаевтің басшылық етуімен Шымкент қаласындағы авиациялық база, яғни, 55652 әскери бөлімі иеленді.  Бұл бөлім бір жыл бойы жауынгерлік даярлық пен әскери тәртіпті нығайтуда үздік нәтижелер көрсетті. Авиабазаның ұшқыштары МиГ-29 жойғыштары мен Су-25 шабуылдағыштарында «Авиадартс-2015» ұшу экипаждарының халықаралық сайысында екінші орын алды.  Сондай-ақ, олар аспанда «70» санын бейнелеп, Жеңістің 70 жылдығына орай парадта ерекшеленді. «Оқу жылының қорытындысы бойынша жауынгерлік даярлықта қол жеткізген жетістіктері үшін» Әскери-әуе күштерінің ауыспалы кубогы ӘӘК-нің бөлімдерін марапаттау үшін қолбасшымен ұйымдастырылды. Сонымен қатар марапаттау рәсіміне командирлерге тілек-лебізін білдіріп, жаңа оқу жылында баршаға сәттілік тілеген Қарулы Күштердің ардагері, «Даңқ» орденінің кавалері, авиация генерал-лейтенанты Александр Сорокин қатысты. Қорытынды жасалғаннан кейін ӘӘК-нің қолбасшысы 2016 оқу жылына тапсырмалар берді. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі. 12.01.2016 AST-34 12.01.2016 AST-35 12.01.2016 AST-36