12 Қаңтар, 2016

Гватемалада түрмедегілер күзетшілерді кепілге алды

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
12-01-2016-turme 02АСТАНА. 12 қаңтар. Гватемалада түрмедегілер бүлік шығарып, бірнеше адамды кепілге алды. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, аптаның бірінші күні бірден екі түрмедегі тұтқындар бас көтерген. Ұлттық полиция директоры Нери Рамостың деректеріне қарағанда, «Фрайханес-1» түрмесінде бүлікшілер 20 адамды тұтқынға алған. Кепілдікке алынғандардың біреуі мекеме директоры болса, қалған 19-ы күзетші. Қазір жазасын өтеушілер мен билік арасында келіссөздер жүргізілуде. Соның нәтижесінде азаматтық тұлғадағы үш тұтқын босатылды. Түрме толығымен полицияның арнайы құрылымдарымен қоршауға алынып, әскерилер шығатын есіктің алдына жеңіл танкі әкелді. Дәл осындай баскөтеру «Чимальтенанго» түрмесінде де басталды. Prensa Libre порталының хабарлауынша, түрмедегі сотталғандардың лаңынан кем дегенде бір адам қаза болып, тағы бірнешеуі жараланған. Полиция қызметкерлері бүлік басталған кезде түрмеге келген бір топ әйелді қауіпсіз жерге шығарып үлгерген. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: РИА «Новости».