12 Қаңтар, 2016

«Алтын глобус» сыйлығының жеңімпаздары анықталды

499 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
12-01-2016-Altun globusАСТАНА. 12 қаңтар. АҚШ-тың Лос Анджелес қаласында Халықаралық кинобаспасөз қауымдастығының ұйымдастыруымен 73-ші «Алтын глобус» сыйлығы өз иелеріне тапсырылды. Бұл туралы bbc.com сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Салтанатты кешті BBC-дің «Кеңсе» және «Массовка» сериалдарымен танылған күлдіргі әртіс Рики Джервейс жүргізді. «Алтын глобус» жеңімпаздары Америка киноакадемиясының «Оскар» сыйлығына басты үміткерлер болып есептеледі. «Алтын глобус» сыйлығының  жеңімпаздары:
  • Екінші пландағы үздік актриса – Кейт Уинслет («Стив Джобс»).
  • Сериалдың немесе телевизионды фильмнің екінші пландағы үздік актрисасы – Мора Тирни («Көңілдестер»).
  • Сериалдың үздік актрисасы (комедия) – Рэйчел Блум («Есінен адасқан бұрынғы сүйіктім»).
  • Үздік сериал (комедия) – «Моцарт жунглиде».
  • Үздік шағын сериал немесе телевизионды фильм – BBC-дің қойылымы «Бөрілер қонақ үйі» (Wolf Hall).
  • Шағын сериал немесе телевизионды фильмнің үздік актері – Оскар Айзек («Қаһарманды маған көрсетіңдерші»).
  • Сериал немесе телевизионды фильмнің екінші пландағы үздік актер – Кристиан Слэйтер («Робот мырза»).
  • Үздік саундтрек – Эннио Морриконе («Жиіркенішті сегіздік»).
  • Сериалдың үздік актері (драма) – Джон Хэмм («Ессіздер»).
  • Үздік актер (комедия) – Мэтт Дэймон («Марстық»).
  • Үздік анимациялы фильм – «Басқатырғыш» («Inside out»).
  • Екінші пландағы үздік актер – Сильвестр Сталлоне («Крид: Роккидің мұрасы»).
  • Үздік сценарий – «Стив Джобс».
  • Сериалдың үздік актері (комедия) – Гаэль Гарсиа Берналь («Моцарт жунглиде»).
  • Үздік актриса (комедия) – Дженнифер Лоуренс («Джой»).
  • Үздік шетелдік фильм: «Саулдың ұлы».
  • Шағын сериал немесе телевизионды фильмнің үздік актрисасы – Леди Гага («Американың қорқынышты оқиғасы: Қонақ үй»).
  • Үздік түпнұсқалы ән – Wrining’s On the Wall («Спектр»).
  • Үздік телехикая (драма) – «Мистер Робот» («Mr.Robot»).
  • Сесила Де Милля атындағы құрметті сыйлық – Дензел Вашингтон.
  • Сериалдың үздік актрисасы (драма) – Тараджи П. Хенсон («Империя»).
  • Көркем фильмнің үздік актері (драма) – Леонардо Ди Каприо («Итжанды»).
  • Көркем фильмнің үздік актрисасы (драма) – Бри Ларсон («Бөлме»).
  • Үздік фильм (драма) – Итжанды («The Revenant»).
  • Үздік фильм (комедия) – «Марстық» («The Martian»).
  • Үздік режиссер – Алехандро Гонсалес Иньярриту («Аман оралған»).
Аян Әбдуәли. Дерек: bbc.com. Сурет: afisha.bigmir.net.