12 Қаңтар, 2016

Қызылордада оқытушылар мен студенттер дөңгелек үстел өткізді

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
12-01-2016-UniverАСТАНА. 12 қаңтар. Қызылордадағы Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында Елбасының «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» бағдарламалық мақаласынан туындайтын міндеттер туралы ой-пікір бөлісуге арналған «Қазақстандықтарды ұлы мұратына жеткізетін бағдарлама» атты дөңгелек үстел өтті. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Дөңгелек үстелдің ашылуында университет ректоры, т.ғ.д., профессор Қылышбай Бисенов Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласы жаһандық дағдарыстарға қарамастан 5 институционалдық реформаны жүзеге асырудың басым бағыттарын айқындап бергендігімен ерекшеленетін бағдарламалық құжат екендігін жеткізді. Сондай-ақ, жиынға қатысқан оқытушы-профессорлар мақала аясында өз ой-пікірлерін білдіріп, еліміздің бүгіні мен ертеңін, экономикалық дамуы жайында баяндамалар оқыды. Басқосуды қорытындылаған ректор Қылышбай Алдабергенұлы бұл тақырып алда талай ғылыми басқосулардың негізі болатындығын айта келіп, құнды ой-пікірлері мен ұсынымдарын ортаға салған ғалымдар мен білім алушыларға ризашылығын жеткізді. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің баспасөз қызметі.