07 Қаңтар, 2016

Қаһарман құттықтады

266 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
ТохтарӨткен жылдың қыр­күйек айында Қарағандыдағы жалпы білім беретін №77 мек­теп-балабақша ке­ше­нінде қазақтың тұңғыш ғарыш­кері Тоқтар Әубәкіров атын­дағы «Ұлттық ұландар сыныбы» ашылған болатын. Бүгінгі күнде 5-сыныпта оқитын 24 ұлан әске­ри-патриоттық тәрбие алып, батыр­дың өнегелі ізімен жүріп, жан-жақты болып өсіп келеді. Мысалы, олар сабақты ғана жақсы оқып қоймай, спортта да алға тү­сіп, шығыс жекпе-жек түр­лерін жетік меңгерген. Таяуда осы оқу орнына Халық қаһарманы, Кеңес Одағының Ба­тыры Тоқтар Әубәкіров арнайы келді. Бұл күні мектепте ұлан­дардың ант қабылдау шарасы ұйым­­дастырылған болатын. Батыр Ұлттық ұлан­дар сыны­бының тәрбие­ле­нушілерін өмір­дегі ма­ңызды қадамдарымен құт­тықтап, оларға өзінің ақыл-кеңесін айтты. – Әрқашан ұстазда­рың­ның еңбегін бағалаңдар! Мысалы, мен әрдайым өз ұстаздарымды мақтан тұ­тамын. Тіпті, Германияға көшіп кет­кен ұстазыммен күні бүгінге дейін ха­бар­ласып тұрамын, – деді тұң­ғыш ғарышкер. Бұдан кейін ол ұландардың осы сал­танатты сәтке арнайы келген ата-аналарына арнап сөз сөйледі. – Қазақ елінің осындай ұл­дары барда біздің Мәңгілік Ел бола­­рымызға күмән жоқ. Ұландар жас­тайы­нан патриоттық рухта тәрбиеленеді. Отан қор­ғау­дың, елін, жерін сүюдің мән-мағынасын бойларына сі­ңіреді. Сондықтан, ер балаларды ерлік мектебіне жол­даған сіздерге үлкен рахмет! – деді Тоқтар Оңғар­байұлы. Ант қабылдау рәсімінде ұлан­дар №5451 әскери бө­ліміне қарас­ты «Бүркіт» ар­найы мақсаттағы жаса­ғының көмегімен өз өнер­лерін көрсетті. Мектеп директоры, «Ұлт­­­тық ұлан­дар сыныбын» ашуға бастама­шы бол­­ған Зайра Жантыбаева сал­­­танатты рәсім соңында Тоқтар Әу­б­ә­­­кіровке ұстаз­дар, ата-аналар жә­не шәкірт­тер атынан алғыс айтты. Қайрат ӘБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан». ҚАРАҒАНДЫ.