07 Қаңтар, 2016

Сұранысқа ие сөздік

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-тың ҚХР мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдері өкілдігінің жетекшісі Аманжол Ибрагимов халықаралық жүк тасымалы саласына арналған орысша-қытайша сөздік анықтамалығын құрастырды. «Бұл оқу құралы ҚХР-ға оқуға келген қазақстандық студенттерге, шекаралық бекет қызметкерлеріне, кеден органдарына, Қазақстан-Қытай көлік-логистикалық компанияларына және басқа да Қытайдың сыртқы экономикалық қарым-қатынасына байланысты салаларға арналған», дейді А.Ибрагимов. Бұл сөздікте терминдермен бірге орыс-қытай сөздері транслитерация­сы­мен қатар Қазақстан, Қытай, Ресей­дің ірі логистикалық порттарының топо­нимикалық атаулары да бар. Мың сөзден тұратын сөздік 2000 данамен шығарылған. Сөздердің дені халықаралық жүк тасымалында қолданылатын терминдерден тұрады. «Егемен-ақпарат».