06 Қаңтар, 2016

Twitter жазба мәтінін 10 мың символға дейін көбейтпек

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
06-01-2016-twitter 01АСТАНА. 6 қаңтар. Twitter әлеуметтік желісі алдағы уақытта шектеулі символдық белгілерін 10 мыңға дейін ұзартуды жоспарлады. Бұл туралы Re/code порталына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Порталдың хабарлауынша, компания басшылығы бұл жоспарды 2016 жылдың ортасына дейін жүзеге асыруды алдарына мақсат етіп қойған. Алайда, АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында орналасқан компанияның штаб-пәтері бұл ақпарат жөнінде ресми мәлімдеме таратқан жоқ. Қазіргі кезде хабарламаның ұзақтығы 140 нышанға ғана лайықталған. Егер аталған жоспар жүзеге асар болса, Twitter басшылығы бұл тұжырымдаманы ауыспалы кезең үшін Beyond 140 деп атайды. Айта кетейік, компания басшылығының шектеулі символдық белгілерді ұзартатыны туралы 2015 жылдың қыркүйек айында белгілі болған. Бірақ жоба осы жылдың ортасына дейін іске асырылады деп күтілуде. Twitter – шағын мәтіндік жазбалар жазуға арналған веб-сайт немесе жүйе. 140 символға дейінгі аралықта қысқа әрі нұсқа жазба қалдыруымен ерекшеленеді. 2006 жылдың шілде айынан бері қызмет етіп келеді. Аян Әбдуәли.        Дерек: Re/code. Сурет: rutwitter.com.