06 Қаңтар, 2016

Айдын Айымбетов жаңа қызметке тағайындалды

693 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
06-01-2016-aimbetov 01АСТАНА. 6 қаңтар. Ұшқыш-ғарышкер Айдын Айымбетов «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының вице-президенті болып тағайындалды. Бұл туралы аталған компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Айдын Айымбетовті «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ ғарыш жүйелерін жасау және қолданысқа беру жөніндегі вице-президенті етіп тағайындау туралы бұйрыққа 2016 жылдың 5 қаңтары күні қол қойылды. Компания президентінің міндетін атқарушы Марат Нұрғожин жаңа вице-президентті ұжыммен таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Халық Қаһарманы Айдын Айымбетов барлық бөлімшенің қызметімен танысып, алғашқы жұмыс жиналысын өткізді. Сондай-ақ, ол өзіне артылған жауапкершілікті сезінетінін және жүктелген міндеттерді орындайтынын айтты. Айдын Айымбетов – Қазақстан шыққан үшінші ғарышкер. Ол 2015 жылдың 2 қыркүйегінде ғарышқа ұшып, 12 қыркүйекте Жерге оралды. Еламан Қоңыр. Дерек: «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ баспасөз қызметі. Сурет: gharysh.kz.