06 Қаңтар, 2016

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бұйрығы №78

699 рет
көрсетілді
29 мин
оқу үшін
2015 жылғы 6 қазан, Астана қаласы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ереженің 16-тармағы 3) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті туралы ереже бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде аталған бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың Астана қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін; 4) Астана қаласының Әділет департаментінде осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны жөнінде мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Комитет Төрағасы  Н.ӘБІҚАЕВ. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 6 қазандағы №78 бұйрығымен бекітілді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті туралы ереже 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – ҰҚК) аумақтық органы болып табылады. 2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Респуб­ликасының Конституциясын, Қазақстан Респуб­лика­сының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, ҰҚК Төрағасының өзге де нормативтік құқықтық актілері мен бұйрықтарын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. 3. Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлғасы болып табылады, оның нақты және шартты атаулары, мөрлері мен мөр­табандары, есепшоттары, негізгі қорлары, әлеуметтік-мәдени және медициналық мақсаттағы объектілері бар. 4. Департаменттің құрылымын, штаттық санын белгіленген тәртіпте ҰҚК Төрағасы бекітеді. 5. Департамент оның құрылымын құрайтын басқармалардан, бөлімдерден, бөлімшелерден тұрады. Оның құрамына мынадай оқшауланған құрылымдық бөлімшелер кіреді: 1) Алматы аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Астана қаласының Алматы ауданы; 2) Есіл аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Астана қаласының Есіл ауданы; 3) Сарыарқа аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Астана қаласының Сарыарқа ауданы. 6. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қатысады. 7. Егер Департаментке заңнамаға сәйкес уәкі­леттік берілсе ол мемлекет атынан азаматтық-құқық­тық қатынастар тарапына қатысуға құқығы бар. 8. Департаменттің заңды мекенжайы: 010000, Қазақ­стан Республикасы, Астана қаласы, Бигел­динов көшесі, 74. 9. Департамент қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. 10. Департаменттің толық атауы – «Қазақстан Рес­публикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Аста­на қа­ласы бойынша департаменті» мемлекеттік ме­кемесі. 11. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады. 12. Департаменттің функциясына кіретін міндеттерді орындау тұрғысында Департаментке оны орындау үшін кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер Департаментке заң актілері бойынша табыс алып келетін іспен айналысуға құқық берілген болса, онда ол істен келіп түскен табыс мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі. 2. Департаменттің негізгі мақсаттары 13. Департаменттің Астана қаласы шегіндегі негізгі мақсаттары: 1) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіп­сіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу; 2) «Сыртқы барлау туралы» Қазақстан Респуб­ликасының Заңына сәйкес Қазақстан Республи­касының мүддесі үшін барлау ақпаратын табу; 3) арнаулы қызметтердің, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ жекелеген адамдардың барлау-бүлдіру және өзге де Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын, экономикалық және қорғаныс әлеуетін әлсіретумен және (немесе) оның қауіпсіздігіне өзге де залал келтірумен байланысты іс-әрекеттерін анықтау, алдын алу және жолын кесу; 4) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, тұтастығын бұзуға және қауіпсіздігін әлсіретуге бағытталған террористік және өзге де іс-әрекеттерді анықтау, алдын алу және жолын кесу; 5) Астана қаласының аумағында терроризм мен экстремизмге қарсы күрес іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіруге қатысу; 6) заңнамамен ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушы­лықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу; 7) жедел іздестіру қызметі субъектілерінің тапсырмалары бойынша арнайы жедел іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу; 8) жедел іздестіру қызметі субъектілерінің тапсырмаларына сәйкес арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді қамтамасыз ету үшін жағдай жасау; 9) жасырын тергеу әрекеттерін заңнамамен белгі­ленген тәртіпте ұйымдастыру және өткізу; 10) жасырын тергеу әрекеттерін қамтамасыз ету үшін жағдай жасау; 11) Қазақстан Республикасының заңдарымен, Президенттің және ҰҚК Төрағасының актілерімен анықталатын өзге де мақсаттар болып табылады. 3. Департаменттің негізгі функциялары, міндеттері мен құқықтары 14. Департамент Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте және өз құзыреті шегінде Астана қаласы аумағында мынадай функция­ларды жүзеге асырады: 1) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады; 2) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік (салалық) бағдарламаларды іске асыруға қатысады; 3) ҰҚК басшыларының келісімімен және өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес халықаралық, мемлекетаралық және өзге де ұйымдардың жұмысына қатысады, ұлттық қауіпсіздік органда­рының құзыретіне жататын қызмет саласында шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерімен, құқық қорғау органдарымен, шет мемлекеттердің үкімет­тік және арнаулы байланыс органдарымен, халықаралық қауіпсіздік құрылымымен және құқық қорғау ұйымдарымен өзара іс-қимылды және халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз етеді; 4) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласын­дағы шешімдерді қабылдау үшін қажетті ақпаратпен мемлекеттік органдарды қамтамасыз етеді; 5) Қазақстан Республикасының конституциялық құры­лысы, экономикалық және қорғаныс әлеуеті негіз­дерін қарсыластың барлау-бүлдіру әреке­тінен қорғау бойынша қарсы барлау қызметін ұйым­дастырады және жүзеге асырады; 6) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған барлау, қарсы барлау және жедел іздестіру қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді; 7) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, тұтастығын бұзуға және қауіпсіздігін әлсіретуге бағытталған терроризмге, экстремизмге және өзге де іс-әрекеттерге қарсы күрес бойынша шараларды әзірлейді және іске асырады, мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады, осы салалардағы өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді. Астана қаласының аумағында терроризмге қарсы операцияларды өткізуді ұйымдастырады; 8) террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғау деңгейін арттыруға террористік қауіп-қатердің сипаты мен өзіндік ерекшелігі туралы олардың басшыларына ақпарат беру, терроризмге қарсы іс-қимыл және терроризмге қарсы қорғау бойынша ұсынымдар әзірлеу, террористік тұрғыдан осал объектілерде терроризмге қарсы практикалық оқу-жаттығулар өткізу арқылы ықпал етеді; 9) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қауіпсіздік және террористік қауіп-қатерлерді бейтараптандыруға дайындық жүйесін жетілдіру бойынша шаралар кешенін іске асыруына бақылау жасауды жүзеге асырады; 10) азаматтарды әскери қызметке шақыру мер­зімінде шақыру комиссиясының жұмысына қаты­сады; 11) Қазақстан Республикасы жергілікті әскери бас­қару органдары ұсынған жиынтық деректердің негізінде ҰҚК Шекара қызметінің мұқтажы үшін шақы­рылушы контингентке мониторинг пен іріктеуді жүзеге асырады; 12) шектес мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын жаппай өту, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен өзгерту әрекеттері, терроризм актілері, Қазақстан Республикасының Конституциясын бұза отырып, билікті күшпен басып алу немесе билікті күштеп ұстау әрекеттері, ди­версия, қарулы көтеріліс салдарынан туындаған әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайларды анық­тайды, ескертеді және жолын кеседі, сондай-ақ «Төтенше жағдай туралы» 2003 жылғы 8 ақпан­дағы Қазақстан Республикасының Заңында қарас­тырылған өзге де іс-қимылдарды жүзеге асырады; 13) заңнамамен белгіленген тәртіпте жедел іздестіру және қарсы барлау (оның ішінде радио­қарсыбарлау) қызметін, сотқа дейінгі тергеуді ұйым­дастырады және тікелей жүзеге асырады; 14) Қазақстан Республикасының арнаулы мем­лекеттiк және құқық қорғау органдарына, Қарулы Күштерiне, басқа да әскерлерi мен әскери құра­лымдарына қоғамдық қауiпсiздiктi, заңдылықты, құқықтық тәртiптi, елдiң қорғаныс қабiлеттiлiгiн қамтамасыз етуге, өзге де алға қойылған мiндеттердi шешуге көмек көрсетедi; 15) уәкiлеттi органдармен бірлесіп қарсыластың барлау-бүлдiру акциясын жүргiзуi үшiн жағдай жасайтын сыртқы және iшкi факторларды жою және бейтараптандыру бойынша, оның iшiнде трансұлттық қылмыстық қоғамдастыққа, заңсыз көшi-қонға, қару-жарақтардың, оқ-дәрiлердiң, жарылғыш және уландырғыш заттардың, есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, ақпа­ратты жасырын алуға арналған арнайы тех­никалық құралдар мен электрондық құрылғылардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл бойынша шаралар әзiрлеуге және жүзеге асыруға қатысады; 16) Қазақстан Республикасының мүддесіне өз құзыреті шегінде барлау қызметін ұйымдастырады және жүзеге асырады; 17) ұлттық қауiпсiздiк органдарының құзыретiне жататын мәселелер бойынша мемлекеттiк органдармен, сондай-ақ өзге де ұйымдармен өзара iс-қимылды жүзеге асырады; 18) мемлекеттiк органдар мен ұйымдардағы мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi қарсы барлаулық қорғау бойынша шараларды әзiрлейдi және жүзеге асырады, сондай-ақ олардың аталған саладағы қызметiн бақылайды; 19) Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтерге рұқсатты ресiмдеуге (қайта ресiмдеуге), сондай-ақ ұйымдарға мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi пайдалануға байланысты қызметке рұқсат беруге арнайы тексеру жүргiзумен, мемле­кеттiк құпияларды қорғау құралдарын жасаумен, сондай-ақ мемлекеттiк құпияларды қорғау бойын­ша iс-шараларды жүргiзумен және (немесе) қызмет көр­сетулермен байланысты шараларды iске асырады; 20) Астана қаласы аумағындағы шет мемлекеттер өкiлдiктерiнiң және халықаралық ұйымдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша басқа құзыреттi органдармен өзара iс-қимылда шаралар қолданады; 21) мемлекеттік қызметке кіретін (онда жұмыс істейтін) Қазақстан Республикасының азаматтарына заңнамада белгіленген тәртіпте және шекте міндетті арнайы тексеруді ұйымдастырады; 22) техникалық барлауға қарсы іс-қимыл бойынша қызметті жүзеге асырады; 23) ұлттық қауіпсіздік органдары өткізетін жедел іздестіру іс-шаралары мен тергеу іс-қимылдарын техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастырады; 24) радиоэлектрондық және радиотехникалық барлауды жүзеге асырады; 25) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда құпиялылық режимін қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді және бақылайды; 26) мемлекеттік құпияларды қорғау саласында әкімшілік құқық бұзушылық және қылмыстық айыптар бойынша сот алдында өндірісті ұйымдастырады және тікелей жүзеге асырады; 27) мемлекеттік құпияларды қорғау бойынша нор­мативтік және әдістемелік актілерді әзірлеу мен орын­дау мақсатында мемлекеттік құпияларды қор­ғау ор­гандарының қызметін үйлестіреді және бақы­лайды; 28) мемлекеттік құпияларды қорғау бойынша Астана қаласының аумағында құқықтық, әкімшілік, экономикалық, техникалық, бағдарламалық және криптографиялық шаралар жүйесінің орындалуын бақылайды; 29) жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне залал келтіретін желілерді және байланыс құралдарын қылмыстық мақсатта пайдалануды анықтауды және жолын кесуді қамтамасыз етеді; 30) жедел іздестіру іс-шараларын жүзеге асыру барысында ақпаратты жасырын түрде алуға арналған (құрастырылған, бейімделген, бағдарламаланған) арнайы техникалық құралдардың айналымы саласында бақылауды жүзеге асырады; 31) Департамент қызметкерлері мен жұмыс­керлерін, сондай-ақ  құпия көмекшілерді қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді; 32) қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қорғалуға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді; 33) ұлттық қауіпсіздік органдарының қызмет­керлерін, мекеменің ведомстволық қатыстылығын, орын-жайлар мен көлік құралдарын шифрлау бойынша шараларды жүзеге асырады; 34) Департаменттің қызметкерлері мен жұмыс­керлерін жауынгерлік, техникалық, материалдық, қаржы­лық, ғылыми, ақпараттық, құқықтық, әлеумет­тік-тұрмыстық, әскери-медициналық (медициналық) және басқа да түрлерімен қамтамасыз етілуін, оның ішінде ғимараттар мен күрделі құрылыстарды салуды және қайта салуды, жөндеуді, тұрғын үй салуды, жөндеуді ұйымдастырады; 35) ұлттық қауіпсіздік органдары құзыретінің шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдауды және қарауды жүзеге асырады; 36) Департаментте Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құжаттау және құжаттамаларды басқару және іс жүргізуді ұйымдастыруды, мемле­кеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз етеді, осы мақсатта ақпараттық жүйелерді пайдаланады; 37) жедел-қызметтік іс-қимылды қамтамасыз ету шеңберінде полиграфологиялық (психологиялық-әлеуметтанулық қамтамасыз ету қызметкерлерінің штаттық бірліктері болған кезде), психологиялық-әлеуметтанулық және психофизиологиялық зерттеулерді жүргізеді; 38) әскери-дәрігерлік сараптама, оның ішінде ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет етуге ден­саулық жағдайы бойынша жарамдылығын, азамат­тардың ауруларының, мертігулерінің (жара­ланулардың, жарақаттанулардың, контузия алу­дың) немесе қайтыс болуының ұлттық қауіпсіздік орган­дарында қызмет өткеруіне (міндеттерін орындау) байланыстылығын анықтау үшін психофизио­логия­лық куәландыру, сондай-ақ есірткіге қатысты тест жүргізеді; 39) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарайды және әкімшілік жаза қолданады; 40) ұлттық қауіпсіздік мүдделерін қозғайтын оқиғалар мен фактілер туралы ақпаратты уақтылы алу мақсатында мүдделі мемлекеттік органдардың кезекші қызметтерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады; 41) ғимараттарды, объектілерді күзетуді, сондай-ақ өткізу және ішкі объектілік режимді қамтамасыз етуді ұйымдастырады; 42) Департаментте құқықтық тәртiптi қамтамасыз етедi; 43) Департаментте мемлекеттік тілді дамыту мен қолдану аясын кеңейту бойынша жұмыстарды ұйым­дастырады және жүргізеді; 44) Қазақстан Республикасының заңдарымен, Президентінің және ҰҚК Төрағасының актілерімен оның құзырына жатқызылған өзге де функцияларды орындайды. 15. Департамент өз құзыреті шегінде: 1) заңнамамен белгіленген тәртіпте және шектерінде Қазақстан Республикасының азаматтарына міндетті арнайы тексеруді жүргізеді; 2) жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шараларды жүзеге асырады; 3) Департамент жеке құрамының жұмылдыру дайындығын қамтамасыз етеді; 4) мемлекеттік органдарға Қазақстан Респуб­ликасының аумағындағы заңсыз әскериленген құрамалар, басқа мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіптік бірлестіктері, діни негіздегі партиялар іс-әрекеттерінің, сондай-ақ саяси партиялар мен кәсіптік бірлестіктерді шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтардың, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қаржыландыруларының алдын алуға және жолын кесуге көмек көрсетеді; 5) қорғаныс кешендерінің, атом энергетикасы, көлік және байланыс объектілерінің, Астана қаласының тіршілікті  қамтамасыз ету объектілерінің және басқа да стратегиялық объектілерінің қауіп­сіздігін қамтамасыз ету бойынша шараларды дайын­дауға және жүзеге асыруға қатысады; 6) Департаментке жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында ақпараттық-талдау жұмысын  жүргізеді; 7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау мен Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығаруға, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелге баруына, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағына келуiне және оның аумағынан тыс жерлерге кетуiне, сондай-ақ олардың Республика аумағында болу режимiне қатысты мәселелердi шешуге қатысады; 8) Астана қаласының аумағындағы шет мемлекеттер өкілдіктерінің және халықаралық ұйымдардың қауіп­сіздігін қамтамасыз ету бойынша басқа құзы­ретті ор­гандармен өзара іс-қимылда шаралар қол­данады; 9) басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп Қазақстан Республикасына келуі барысында шетел басшыларының, үкіметтерінің және халықаралық ұйым жетекшілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ Астана қаласының аумағында жүргізілетін маңызды қоғамдық-саяси іс-шараларға қатысады; 10) мемлекеттік және қызметтік құпияны құрайтын ақпараттарға рұқсат алуға құжаттарын ресімдеп (қай­та ресімдеп) жатқан Қазақстан Республикасының азаматтарына арнайы тексеру жүргізеді; 11) Қазақстан Республикасының заңдарымен, Президенттің және ҰҚК Төрағасының актілерімен оның құзырына жатқызылған өзге де міндеттерді орындайды. 16. Департамент жүктелген міндеттерді шешу және функцияларды орындау үшін заңнамамен белгіленген тәртіппен: 1) жалпы және арнайы жедел іздестіру және қарсы барлау іс-шараларын, психологиялық-әлеуметтанулық зерттеулер жүргізуге, тергелуі заңнамамен ұлттық қауіпсіздік органдарының құзы­рына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушы­лықтарды анықтау, алдын алу, жолын кесу және ашу мақсатында сараптамалық-криминалистикалық зерттеулерге бастамашылық етеді; 2) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік құпияларды қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұза отырып, пайдаланылатын радиоэлектронды хабар тарату құралдарын пайдаланудың жолын кеседі; 3) мақсаттары мен iс-әрекеттері мемлекеттiң қауiпсiздiгiн әлсiретуге, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзуға, конституциялық құры­лысты күшпен өзгертуге бағытталған шет мемлекеттердiң арнаулы қызметтерi мен ұйым­дарына, қылмыстық топтарға енудi жүзеге асырады; 4) барлау қызметін арнайы техникалық және радиоэлектронды құралдарды пайдалана отырып жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының сыртқы барлау субъектілерімен өзара іс-қимыл жасайды; 5) уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп өздерінің іс-қимылдарымен қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қауіп төндіретін шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келулерінің жолын жабу және одан шығару туралы мәселелерді шешеді; 6) заңнамамен ұлттық қауіпсіздік органдарының құзырына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушы­лықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу кезінде қылмыстық іс жүргізу заңнамасымен көз­делген шектерде басқа органдарға міндетті түрде орындалатын тапсырма береді; 7) азаматтарды өндірістегі материалдар бойынша Департаментке шақырады, олардан түсініктеме, анықтама, құжаттар алады және олардан көшірмелер түсіреді, шақыру бойынша келуден бас тартқан адамдарды мәжбүрлеп әкеледі; 8) заңнамаға сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген негізді күдік туғызған кезде азаматтардан олардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексереді. Қылмыстық құқық бұзушылық жасауға күдік туғызған адамдарды ұстауды, құжаттарды тексеруді, ұсталғандарды және олардың көлік құралдарын жеке тексеріп қарауды, сондай-ақ олардың заттары мен құжаттарын алуды жүзеге асырады; 9) терроризмге қарсы операцияларға қатысу және терроризмге қарсы операциялардың құқық­тық режимін қамтамасыз ету кезінде «Терро­ризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Респуб­ликасының Заңында көзделген шаралар мен уақытша шектеулерді қолдануға; 10) қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік туғызған адамдардың ізін кесу мен ұстау, ұсталғандарды ұстау орындарына жеткізу, сон­дай-ақ оқиға болған жерге бару және шұғыл меди­циналық көмекті қажет ететін азаматтарды емдеу мекемелеріне жеткізу үшін басқа мекемлердің байланыс құралдарын, көлік құралдарын пайдаланады. Олардың иелерінің талаптары бойынша байланыс құралдары мен көлік құралдарына келтірілген нақты залалды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтейді; 11) Қазақстан Республикасының азаматтарын ерікті түрде штаттан тыс жедел қызметкерлер ретін­де тартады; 12) Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерді іске асыруға себепші болатын, тергелуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының құзырына берілген қылмыстық құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы орындалуы міндетті ұсыныстарды мемлекеттік органдар мен ұйымдарға енгізеді; 13) арнайы күзетілетін ерекше режимдегі аумақ­тарға және өзге де объектілерге ену немесе енуге әрекет етумен байланысты құқық бұзу­шылық жасаған адамдарды әкімшілік қамауға алуды жүзеге асыруға құқылы. Олардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексереді, олардан түсініктемелер алуға, оларды жеке тексеруді және тексеруді, олардың заттары мен құжаттарын алып қоюды жүзеге асырады; 14) шарттық негізде Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер, әскери құралымдар мен өзге де ұйым­дардың қызметтік орын-жайларын, көлік және өзге де техникалық құралдарын, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың тұрғын және өзге де орын-жайларын, көлік құралдары мен өзге мүліктерін пайдаланады; 15) заңнамада белгіленген тәртіпте әскери-медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру мен әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу үшін медициналық бөлімшелерді иеленеді; 16) Департамент міндетінің бөлігін орындайтын және әділет органдарында тіркелуге жатпайтын, органның орналасқан жерінен өзге жерде орналасқан арнайы құрылымдық бөлімше иеленеді; 17) Департаментке жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті Қазақстан Респуб­ликасының мемлекеттік органдарының аумақтық органдарымен бірлескен актілерді шығарады; 18) Департаментке жүктелген мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпаратты мемлекеттiк органдардан, Қарулы Күштерден, басқа да әскерлерден, әскери құралымдар мен ұйымдардан өтеусiз және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгi­ленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорға­латын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып алады; 19) Департамент қызметкерлері мен жұмыс­керлерін іссапарға жібереді; 20) Департамент қызметіне қатысты мұрағаттық жедел, тергеу және басқа да материалдарды сақтау мен пайдалануды жүзеге асырады; 21) Департамент объектілеріне қызмет көрсету бойынша жұмыстарға жеке және заңды тұлғаларға оларды тексеру және зерделеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін рұқсат беруді жүзеге асырады; 22) жеке тұлғалар Департамент объектілеріне және орын-жайларына кірген (көлікпен кірген) және шыққан (көлікпен шыққан) кезде олардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеруге, олардың өзімен алып жүретін заттарын тексереді (күзетілетін адамдардан басқа); 23) құпиялылық режимін, мемлекеттік құпия­лардың сақталуын қамтамасыз ету, Департамент бөлімшелерінің іс жүргізуін ұйымдастыру мен жүргізу бойынша жұмыс жағдайын, құпия және құпия емес іс жүргізуді тексеруді бақылауды, ұйымдастыруды жүзеге асырады; 24) Департамент қызметкерлерінің жеке басын, олардың бөлімшелерінің, үй-жайлары мен көлік құралдарының ведомстволық тиесілігін немесе ұлттық қауіпсіздік органдарына құпиялылық негізде жәрдем көрсететін азаматтардың жеке басын бүркемелеу мақсатында басқа мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұйымдардың құжаттарын пайдаланады; 25) ұлттық қауіпсіздік органдарының қызмет­керлерінің арнайы және дене дайындығын ұйымдас­тыру үшін, сондай-ақ әр деңгейдегі спорт шараларын өткізуге, спорт ғимараттарын жалға алуға, иеленеді; 26) қару-жарақтарды, оқ-дәрілерді, арнайы қорғау мен қорғаныс құралдарын жабдықталған орында сақтайды; 27) оның жүргізуіне жататын өзге де функциялар мен құқықтарды Президент және ҰҚК Төрағасының заңдарымен, актілерімен жүзеге және іске асырады. 4. Департамент қызметін ұйымдастыру 17. Департаментті Қазақстан Республикасы Президентінің немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының келісімі бойынша ҰҚК Төрағасы тағайындайтын бастық басқарады. 18. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда Департамент бастығының орынбасары (орынбасарлары) болады. 19. Департамент бастығы Департамент қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Депар­таментке жүктелген міндеттердің орындалуын және өз функ­циясын жүзеге асыру үшін дербес жауапты болады. 20. Департамент бастығы ҰҚК басшылығына Департаменттің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді. 21. Бұл мақсатта: 1) өзінің орынбасары болған жағдайда (орынбасарлары), олардың міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды; 2) Департамент құрамына кіретін құрылымдық бөлімшелер басшыларының өкілеттіктерін айқындайды; 3) Департаменттің қызметкерлері мен жұмыскер­лерінің лауазымдық нұсқауларын бекітеді; 4) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық және құқықтық актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 22. Департамент бастығының орынбасары (орынбасарлары): 1) өз өкілеттіктері шеңберінде Департамент қыз­метін үйлестіреді; 2) Департамент бастығы болмаған кезде Депар­тамент қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуын және өз функциясын жүзеге асыру үшін дербес жауапты болады; 3) Департамент бастығы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады. 23. Қойылған қарсы барлау, барлау міндеттерін табысты шешу үшін қажетті және жеткілікті жағдай­ларды жасау, қолдау және дамыту жөніндегі басқа­ру­шылық шешімдерді әзірлеу және іске асыру мақ­сатында Департаментте консультативтік-кеңесші орган – Кеңес құрылады. Кеңес қызметін ұйымдастыру белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. 24. Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент атынан жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ ҰҚК басқа бөлімшелеріне жіберілетін құжаттарға Департамент бастығы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам немесе адресаттың мәртебесіне сәйкес оның орынбасарлары қол қояды. 5. Департамент мүлігі 25. Департамент жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлікке ие. Департаменттің мүлігі оған меншік иесі берген мүліктің, сондай-ақ заңмен тыйым салынбаған өзінің іс-қимылы мен өзге де көздер арқылы (қаржы табыстарын қоса отырып) жинақтау нәтижесінде сатып алынған мүліктер есебінен қалыптастырылады. 26. Департаментке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады. 27. Департамент егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, өзіне бекітілген мүлікті және қаржы жос­пары бойынша берілген қаражатқа сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе өзге де тәсілдермен иелік етуге құқылы емес. 6. Департаментті қайта құру және тарату 28. Департаментті қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. ––––––––––––––– Бұйрық Қазақстан Республикасының Әді­лет министрлігінде 2015 жылғы 10 қараша­дағы Нор­мативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12265 болып енгізілді.