06 Қаңтар, 2016

Теңгермешілдік келмеске кетті

440 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қ.АлтаевМіне, Мемлекет басшысының әкелік қамқорлығына сай аза­маттық қызметкерлердің еңбек­ақысы өсетін күнге де жетіп отырмыз. Солардың алдыңғы легінде денсаулық сақтау саласы қызметкерлері тұр. Яғни, көрсетілген нормативтер мен са­наттар бойынша сала сақшы­лары­ның жалақысы алғашқы кезде біртіндеп, сатылап 7 па­йыздан 28 пайызға дейін өсірілмек. Осы арада еңбекақы төлеу жүйе­сінің жаңа үлгісі, оның әділеттілігі мен мөлдірлігі және кең жариялылығы біреулерге негізсіз артықшылық немесе жетіспеушілік бермейтіні бәріміздің ойымыздан шығып отыр. Соған сәйкес, жалақы бі­рін­ші кезекте медицина қыз­меткерлерінің лауазымына, бі­ліктілігі мен кәсі­би шебер­лігіне, атқаратын қызме­тінің күрделілігі мен дәрежесіне қарай есептелетіні оның артық­шылығын айғақтай түседі. Бұған қоса коэффициенттердің арнайы кес­тесін енгізу ісі қарас­тырылғаны да ең­бек­ақы төлеу жүйесінің толық­қандылығын көрсетеді. Осын­­дай өміршең өзгеріс жағ­дай­ын­да тек жалақы өсті деп жалаң тү­сінсек, қате­лесеміз. Соны­мен бір­ге, әріп­тестеріміздің еңбе­гі­нің мәр­тебесі де көтерілді деп ұғынуы­мыз керек. Халыққа көрсетілетін медициналық қызметтің сапасы деген мәселені де осы қатарда қарас­тырсақ қателеспейміз. Ең бастысы, жаңа үлгіде бұ­ған дейін тәжірибеде кездес­кеніндей, теңгермешілдік төр­кіні мүлде атауымен кез­дес­пейді. Теңгермешілдік келмес­ке кетіпті. Кәсіби біліктілігіңді көрсете алдың ба, жалақының 28 пайызды өсіміне бірден жол ашық. Көрсете алмадың ба, онда кімге өкпе-реніш білдірмексің? Бір мезетте жалақының 28 па­йыз­дық өсімі аз нәрсе емес. Бұл үшін 2016 жылдың 1 қаң­тарынан республикалық бюджеттен және жергілікті бюджетке мақсатты трансферттер ретінде бөлініп отыр­ған қара­жатттың көлемі аса қо­мақты. Еліміздегі денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мұндай қамқорлыққа іспен жауап береді деп есептеймін. Солардың ортасында біздер секілді республиканың шалғай өңірлерінде қызмет жасайтын денсаулық сақшылары бар. Қайырбай АЛТАЕВ, Казталов аудандық орталықтандырылған ауруханасының директоры. Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы.