06 Қаңтар, 2016

Саусақ бірікпей ине ілікпейді

594 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2218_okoҚазақта «Көппен көр­ген ұлы той» деген ғиб­рат­ты сөз бар. Қа­зір жұрт­тың әңгімесіне бақсаң, екінің бірі дағдарыс жайлы айтады. Қорқып сөйлейді, қорқытып сөйлейді. Хал­қымыз жаманшылық шақырып сөйлегендерді ұнатпай, «айтқан жерден аулақ» дейді. Дағдарыс бүкіл әлемді шарпып тұр. Ешкімге де оңай тиіп жатқан жоқ. Құр байбалам салғанша еңбектену керек. Дағдарысты қарсы тұрсаң ғана еңсересің. Елбасы осылай боларын алдын ала айтты. Жөн-жобасын түсіндірді. Арнайы бағдарламалар қабылдап, Үкіметке тиісінше тапсырмалар берді. Әлеуметтік жағынан аз қорғалған қауымға үлкен жеңілдіктер қарастырылуда. Денсаулық сақтау мен білім беру саласы қызметкерлеріне 28-29 пайыз мөлшерінде еңбекақысы көтеріледі дегені жүрегімізді жылытты. «Еңбек ете алатындарға мем­лекеттік қолдау тек олардың қайта оқуға немесе еңбекпен қамту бағдарламаларына қатысулары негізінде ұсынылатын болуы тиіс. Үкіметке әлеуметтік көмектің мұндай түрлерін 2017 жылдан бастап енгізуді тапсырамын. Әлеуметтік саясаттағы мемлекеттің басымдығы адам капиталын дамытуға кең ауқымды инвестициялар болуы тиіс. Біз бұған дейін қабылданған бағ­дарламаларға сәйкес, бі­лім беру және ден­сау­лық сақтау салала­рын жаң­ғыртуды жалғас­тыр­уымыз керек. Мен 2017 жылдан бастап жаңа жоба – «Барша үшін тегін кәсіптік-техникалық білім» бағдарламасы басталатынын жариялаймын. Үкіметке оны жасауға кірісуді тапсырамын», деді Мемлекет басшысы. Бізде мектеп бітіргеннен кейін оқуға түсе алмай, ата-анасының мойнында отырған жас­тар көп. Жұмысқа шығайын десе мамандығы жоқ. Жұмыс болмаған соң бұйығыланады, қоғамнан оқшауланады. Жас адамға ақша керек. Ұрлыққа бейімделеді, бұзақы топтарға қосылады. Нұрсұлтан Әбішұлы осы келеңсіз жағдайлардың алдын алудың бір шарасы ретінде тегін кәсіптік-техникалық білім беруді ұсынып отыр. «Мектеп бітіріп, оқуға түсе алмай қалған жастарды бірінші жұмысшы мамандығын алуды ұсынамыз. Үкімет оны жүзеге асыруға кіріссін», деді. Бәріміз тастүйін болып бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарсақ, дағдарыс жеңіл өтеді. Ұлттың ұяты ұстаздар қауымы осы топтың басында болса болғаны. Гүлнәз ӨТЕЙ, Шымкент қосалқы мектеп-интернатының мұғалімі. Оңтүстік Қазақстан облысы.