06 Қаңтар, 2016

Көбейген шәкіртақы шаттандырды

311 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
ЕркараеваЖыл сайын елімізде мыңдаған білім гранттары бөлінеді. Бұл – біздер үшін жоғары білімді тегін алудың мүмкіндігі ғана емес, үлкен жәрдем. Соның ішінде биылғы жаңа жыл біздер үшін жақсы жаңалықтармен басталғалы тұр. Елбасымыздың пәрменімен стипендиямыз 25 пайызға кө­бейді. Қазіргідей жағдайда мұ­ның әлі жалақы алмайтын жас­тар үшін көмегі өлшеусіз. Мем­ле­кетіміз тарапынан осындай мүмкіндіктер жүзеге асырылып, студенттердің талпынысын ескеріп, жағдайларын жақсартып келе жатқанына алғыс айтамыз. Өз басым білім грантына ие болып, бүгінде Алматы қаласындағы Абылай хан атындағы Халық­аралық қатынастар және әлем тіл­дері университетінде журна­листика мамандығы бойынша магистрлік дәрежесінде білім алып жүргеніме өзімді бақыттымын деп есептеймін. Оған қоса университет ректоры Сәлима Құнанбаева да студенттерге көп мүмкіндіктер жасауда. Аударма және филология факультетінің 4-курс студенті Жансая Оспанғалиға университеттің қоғамдық және мәдени өміріне белсенді қатыс­қаны және үздік оқығаны үшін оған жаңа оқу жылынан бастап жыл аяғына дейін 24 мың теңге көлемінде Ғ.Мүсірепов атындағы шәкіртақы тағайындады. Халықаралық коммуникация менеджменті факультетінің «Жур­на­листика» мамандығының ақылы бөлімінде үздік оқитын 3-курс студенті Валентина Беспалова да А.Пушкин атындағы шәкіртақыға ие болды. Университетіміздің шәкіртақы тағайындау ережелеріне сәйкес үздік сабақ үлгерімі және уни­верситеттің қоғамдық, мәдени өміріне белсенді қатысқандары үшін 43 студент 1 қыркүйектен бастап 16 759 теңге мөлшерінде «Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ» АҚ шәкіртақы алып жүр. Сонымен қатар, универ­си­теттің магистрант, докторант дәрежесіндегі білім алушылары үшін де мемлекет тарапынан берілген мүмкіндіктер аз емес. Тегін білім алумен қатар, шет мемлекеттерге шығып, түрлі кон­ференцияларға қатысып, шет тілді оқулықтармен танысып, тәжірибе алмасуға зор қолдау көрсетіп келеді. Алдағы уақытта оқу озат­та­рының саны артып, елімізді әлемге танытар білімді ұрпақ көбейсін деп тілейміз. Адина ЕРҚАРАЕВА, Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ магистранты. АЛМАТЫ.