03 Қаңтар, 2016

Сауд Арабиясында 47 адам өлім жазасына кесілді

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
03-01-2016-KazinnnАСТАНА. 3 қаңтар. Сауд Арабиясында лаңкестік әрекет жасағаны үшін айыпталған 47 адам өлім жазасына кесілді. Бұл туралы 24.kz хабарлады. Жазаланғандар дені корольдік пен оған көршілес елдер аумағында «Әл-Каида» ұйымдастырған экстремистік шабуылдарға қатысқан. Ал өлім жазасына кесілгендердің 45-і – Сауд Арабиясының, біреуі – Чад, тағы біреуі – Мысыр азаматы. Айта кетейік, жазаланғандардың арасында Иранда аты танымал, шиіттік ағымның уағызшысы Нимр ан-Нимр бар. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: 24.kz.