03 Қаңтар, 2016

Елімізде темекі бағасы қымбаттады

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
02-01-16-tabak-1АСТАНА. 3 қаңтар. Елімізде осы жылдың 1 қаңтарынан бастап темекінің бағасы күрт қымбаттап кетті. Бұл туралы ras.kz хабарлады. Енді ең арзан деген темекі өнімінің қорабы 240 теңге тұрады. Ал сұранысқа ие маркалар орта есеппен 350-480 теңге аралығына дейін көтерілді. Осы жолғы қымбаттаушылық мың дана сигарет акцизі ставкасы бағасының 2015 жылғы 3,9 мың теңгеден 5 мың теңгеге дейін көтеріліп кеткені себеп болып отыр. Айта кетейік, 2012 жылы бұл көрсеткіш бар-жоғы 750 теңге болған-ды. Депутаттар пікірінше, шылым бағасының бұлайша қатты қымбаттап кетуі оны шегушілер қатарларын да күрт азайтуы тиіс. Осылайша тұрғындарды жаман әдеттен айыруға болады. Сондай-ақ, қазақстандықтардың денсаулығын қорғаудағы шараның бірі дейді халық қалаулылары. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: ras.kz.