19 Қазан, 2010

Даму бағыттарын айқындауда

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше  Премьер-Министр  Кәрім  Мәсімовтің төрағалығы­мен “Самұрық-Қазына”  ұлттық әл-ауқат қоры”  АҚ директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлады аталмыш қордың баспасөз қызметі. Отырыста Қорды 2020 жылға дейін дамыту стратегиясының жо­басы активтердің мақсатты құры­лымдарын белгілеу, портфельді компаниялардың даму басымдық­тарын, сол сияқты олардың қор рыноктарына шығуын айқындау бөліктері тұрғысында қаралды. Оның сыртында  Қордың 2010-2014 жылдардағы үдемелі ин­дустриялық-инновациялық да­мудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға қатысу мәселелері де талқыланды.