19 Қазан, 2010

Өзара тиімді ықпалдастық

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
16 қазанда ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен әңгімелесті, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі. Әңгімелесуші тараптар екі­жақ­ты және көпжақты фор­мат­тардағы ынтымақтастықтың өзек­ті мәселелерін талқыға сал­ды. Атап айтқанда, ҚР Пре­зи­денті Н.Назарбаев пен РФ Пре­зи­денті Д.Медведевтің ағымдағы жылдың қыркүйек айында Өс­ке­мен қаласында болған кез­де­суін­де қол жеткізген келісімдерінің орын­далу барысы, сонымен қа­тар, Қырғызстандағы сайлаудан кейінгі жағдайдың дамуы қарас­тырылды. Сыртқы саясат ведом­ство­ла­ры­ның басшылары 1-2 жел­тоқ­сан күндері Астанада өтетін ЕҚЫҰ Саммитінің мазмұндық мә­селелеріне және оның саяси құ­жаттарын дайындау мәселе­лері­не баса назар аударды. Осы орайда тараптар өзара конструк­тивті ықпалдастық пен алдағы жо­ғарғы деңгейдегі кездесулер­дегі негізгі тақырыптар бойынша келісілген ортақ ұстанымдарды ой­ластыруды қолдайтын­дық­тарын жеткізді. Оның ең басты мақсаты еуроатлантикалық және еуразиялық кеңістікте бірыңғай және бөлінбейтін қауіпсіздік қауымдастығын құру болып табылады.
Соңғы жаңалықтар