19 Қазан, 2010

Достықтың алтын көпірі

2795 рет
көрсетілді
13 мин
оқу үшін
Біз – қазақстандықтармыз! Ассамблея – шын мәнінде мемлекет пен халық, әртүрлі ұлттар арасындағы алтын көпір. Ассам­блея­ның басты рөлі біздің көп ұлт­ты елімізде бейбітшілік пен келіс­ім­ділікті қолдау болып табылатыны бел­гілі. Қазақстан – ұлттар дос­ты­ғы жарасқан мемлекет. Бірде-бір қазақстандық ұлтаралық жан­жал­дар­дың құрбаны болған жоқ. Елі­міз­де алғашқылардың бірі болып құ­рылған Өскемендегі Достық үйі­нің ашылуына Елбасы Н.Назар­баев­тың өзі арнайы келіп қа­тыс­қанда, мына бір сөздерді тілге тиек ет­кен еді. “Қазақстан халқының дос­тығы – еліміздің баға жетпес игі­лігі. Әртүрлі ұлт өкілдерінің өза­ра сенімділігі, заң алдындағы тең­дігі болмаса, мемлекеттің гүлденуі де болмайды, демек, қарапайым адам­дардың бақытты өмір сүруі де мүм­кін емес”. Достық үйінің жанында отызға тарта этномәдени бірлестіктер ұйымдастырылып, жұмыс істеп тұр. Сол кездері облыстық ақсақалдар ал­қасының төрағасы Төлеухан Қоғабаев, оның орынбасары Орал Мал­дыбаев, Лео Богданович Шик, Сара Мәмиеваның арқасында Дос­тық үйі ел игілігі үшін жұмыс істей бастады. Қазақ пен орыс, украин мен беларусь, ұйғыр мен өзбек, татар, басқа ұлт өкілдері казір өз халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрін паш етіп, түрлі ме­ре­ке­лерде ұлттық киімдерін киіп алып, жастарды ынтымақ пен дос­тық­қа баулуда. Бұдан артық қандай ба­қыт керек! Беларусьтар жайлы айтқым ке­ле­ді. Беларусьтар Қазақстанда ежел­ден мекендейді. Олардың не­ғұр­лым ірі топтары жиырмасыншы ға­сырдың бас кезінде Столы­пин­ның аграрлық реформасын өткізу ке­зінде пайда болған. 1926 жылғы ха­лық санағының мәліметі бойынша Қазақстанда 25 584 бе­ла­русь болған. Қазақстанда тың және тың­айған жерлерді игеруге ондаған мың қандастарымыз көшіп келді. Тың игеру облыстарында бе­ла­русьтар жеті есе өсті. Алайда со­ңы­нан тың игеруге қатысқан адам­дар­дың көбі елдеріне оралды. Қазір біз­дің облыста шамамен бес мыңға таяу этностық беларусьтар тұрады. Достық үйі жанынан беларусь эт­но­мәдени бірлестігін құру есі­міз­де қалып қойды. Беларусьтар әр жерде тұрып жатқан қандастарын жи­нады, басын қосты, басқа ұлт өкіл­дерімен бірге қоян-қолтық ара­ла­са бастады. Оның бастауында бол­ған Г.Борисович, В.Ни­ко­ла­ен­ко, С.Шушкевич, В. Магазин­щи­ков, А. Плотников, В. Марков, та­ғы басқалар. Осыдан он жыл бұрын Дос­тық үйінде тұңғыш рет Бе­ларусь вечасы бас қосты. Кешікпей Беларусь Республикасының Қа­зақ­стан­дағы елшілігімен іскерлік ізгі бай­ланыс орнатылды. Біздің орталықта беларусь тілінде кі­тап­тар, газет оқуға мүмкіндік туды. Со­ңынан Беларусь Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Лариса Влади­ми­ров­на Пакушпен жеке кездесу болды. Жа­қында ғана Беларусь Рес­пуб­ли­ка­сы Премьер-министрінің орын­ба­сары С. Бомбаза басқарған бір топ қонақ біздің Қамысты ауы­лын­да болған кезде біздің ұлттық дәс­түр­ді сақтап отырғанымызға, Қа­зақ­станда ұлттар достығының өр­кен жайғанына ерекше риза болып аттанды. Тағы бір мысал. Елбасы Шығыс Қазақстанға сапары кезінде шаруа қо­жалығы төрағаларымен сан мәр­те кездесті. Ұмытпасам, 2003 жыл ғой деймін, “Эхо” кино­теат­рын­дағы кездесуде бізбен емен-жарқын әң­гімелесіп, маған бірнеше са­уал­дар қойды. Тіпті менің беларусь еке­німді білетініне қайран қалдым. “Владимир Иосифович, беларусь­тар – қарапайым, қонақжай, ең­бек­сүй­гіш халық. Қожалықтағы адамдар қан­ша жалақы алады?” деп сауал тастады. Бізде алты мыңдай асыл тұ­қымды сиыр бар. Сауын­шы­ларымыз айына 70-80 мың теңге жа­лақы алады. Балабақша, Мә­де­ниет үйі халық игілігі үшін қызмет жа­сап тұр. Егін егіп, барлық ша­руа­ны өзіміз атқарамыз. Ұзақ жылғы еңбегім “Құрмет” орденімен атап өтіл­ді. Ең бастысы, қазақ пен орыс, украин, беларусь, басқа ұлт өкілдері та­ту-тәтті өмір сүруде. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға же­текшілік етуі, желтоқсан айында Ас­танада Саммиттің өтуі Елбасы Н. На­зарбаевтың беделі, абыройы деп бі­лемін. Қазақстан халқы Ас­сам­блея­­сының Төрағасы Н.Назарбаев ке­лешекте де елімізді бақытты күн­дер­ге бастай береді деген се­нім­де­міз. Владимир АКУЛОВ, “Қамысты” шаруа қожалығының төрағасы, Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, XVІ сессия делегаты. Шығыс Қазақстан облысы, Шемонаиха ауданы. Діңгегі мықтының шаңырағы шайқалмас Қазақстан Президенті Нұрсұл­тан Назарбаевтың “ЕҚЫҰ тағдыры жә­не перспективалары” атты “Из­вес­тия” газетінде 28 қаңтарда жа­рия­ланған сұхбатында: “Қазіргі кезде ЕҚЫҰ-ның бүкіл кеңістігінде ұлт­аралық және дінаралық қаты­нас­тар проблемалары қайтадан өзек­ті бола түскенін байқамау мүм­кін емес. Еуропада орныққан құн­ды­лықтар жүйесі мен жедел өсіп келе жатқан ұлттық диаспоралар мә­дениетінің арасындағы жан­жал­дар байқалады. Әлемнің түрлі өңір­ле­рінің өмір салтын, дәстүрлерін, мә­дениетін, этностық тарихын жоқ­қа шығаруға болмайды. Бірақ та, батыстық өркениеттің құнды­лық­тары әлемнің басқа өңірлерінде де, сол секілді батыс қоғамының ішін­дегі этностық диаспоралар та­ра­пынан сөзсіз құрметтелуі тиіс де­ген қағида да сондайлық әділ бо­лып шығады. Мәдениетаралық жә­не өркениетаралық үнқатысу идея­ла­рын жақтайтын, көпұлтты және көп­конфессиялы мемлекет ретінде Қазақстан ұлтшылдықты, діни төз­беу­шілікті, нәсілшілдікті, ксе­но­фо­бия мен антисемитизмді тиімді ең­се­ру үшін ұйымның айтарлықтай қуат­ты әлеуетін пайдаланбақ”, деп атап көрсеткен еді. Қазіргі таңда, Елбасы атап өт­кен­дей, АҚШ, Ресей, Қытай, Фран­ция, Ұлыбритания секілді өр­ке­ниетті елдердің және өзгелердің де Қазақстан халқы Ассамблеясы сияқ­ты әлемде баламасы жоқ бі­ре­гей қоғамдық институттың жұмыс тәжірибесін зерттеуге ден қоюлары – ұлттық саяси бағытымыздың дұ­рыс, қолға алған істеріміздің шы­найы өмірмен үйлесіп жат­қан­ды­ғы­ның бір көрінісі. Біз осындай қоғам құра алдық деген мақтаныш сезімі көңіл қуантады. Осы жылы әлемде теңдесі жоқ қазақстандық жоба, біздің мемлекетімізде ғана дүниеге келген ғажайып ұйым Қазақстан халқы Ассамблеясының құрыл­ға­нына да 15 жыл толды. Бұл қоғамдық құрылым – ұлт пен ұлыстар достығының, бірлесіп өмір сүруінің, сөйте отырып қо­ғам­дық, мемлекеттік, халықаралық мә­се­лелерді шешуге бірге ара­ла­суының жарқын мүмкіндігі. Кез-кел­ген елде ешқандай ұлтаралық қақ­тығыссыз өмір сүруге болады, мұ­ны бүкіл әлемге Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал сая­са­ты, мемлекет басқарудағы жарқын қыз­меті, Қазақстан халқы Ас­сам­блеясының бүгінгі өмірі дәлелдеп отыр. 1995 жылдан бері аталған қо­ғам­дық институт этносаралық және кон­фессияаралық келісімнің басты те­тігі ретінде ел тарихында ма­ңыз­ды рөл атқарып келеді. Оның құ­қық­тық мәртебесі кеңейіп, “Қазақстан халқы Ассамблеясы ту­ра­лы” Заң шығып, ұйымдық жа­ғы­нан күшейді. Парламент Мә­жі­лі­сі­не тоғыз депутат сайлануға құқылы болды. Шынында да, бүгінде Ас­сам­блея Қазақстан халқының ортақ мін­беріне айналып, әлеуметтік мәні зор мәселелер кеңінен тал­қы­ла­на­тын болды. Соңғы оның 15-сес­сия­сында Мемлекет басшысының біз­дің алдымызға патриоттық тәрбие, азама­ттықты және мемлекеттік тіл­ді нығайту, этносаралық және кон­фес­сияаралық келісім секілді ба­ғыт­тар бойынша тың міндеттер жүк­теп, жаңа идеялар тудырушы, мем­лекеттің ұлттық бірлік сая­са­тының сенімді тірегі болу та­лап­тарын қоюы Ассамблея қызметінің жаңаша сипат алғанын аңғартса керек. Міне, сол себепті біз “Әртүрлі эт­носты бір тудың астына бі­рік­ті­ру” деген ұстанымды дүние жүзіне та­нытуымыз қажет. Танытып қана қой­май, таратуымыз қажет. Қа­зақ­стан­ның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы ке­зін­дегі 4 ұранның бірі — төзімділік осы мақсатты көздейді. Бұл, ең ал­ды­мен, бүкіл әлемдегі еларалық ын­тымақты, бірлікті, татулықты көз­дегендіктен туып отыр. Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы, оның құ­ра­мын­дағы он алты этномәдени бір­лес­тігі де өткен 15 жыл бойы ел тәуелсіздігінің орнығуы, Қазақ­стан­да тұратын халықтардың қилы да қиын тарихи тағдыры, бір шаңырақ астында татулық пен достыққа сел­кеу түсірмей бейбіт өмірге қол жет­кіз­ген жағдайын насихаттап келеді. Президентіміздің Ассамблеяның соң­ғы 15-сессиясында: “Бүкіл Қа­зақ­стан мен оның әрбір этносының тағдыры үшін ең алдымен Ас­сам­блея мүшелері, мына сіздер жауап беруге тиіссіздер. Сіздер бірлігі жарасқан Қазақстанның абыройы мен беделінің, ғасырлар бойы қа­лып­тасқан жарасымды салт-дәстүрлерінің жанды айғағы­сыз­дар”, – деген сөзі әр атыраулық этно­мәдени бірлестік басшысының кө­ңілінен кетпейді, жадында жат­та­лып қалды. Орыстар Владимир Яшков, Александр Солодовников, гру­зин Зураб Бобохидзе, неміс Александр Думлер, әзірбайжан Эль­дар Ахмедов, татар Гүлсина Бай­кенова, дағыстан Мұса Али­шаев, армян Гагик Плузян, болгар Юрий Кустадинчев, украин Ольга Павленко, халқымыздың ынтымақ­тас­тығын нығайтуда, азаматтық құндылықтарды дамытуда үлкен беделдерге ие. Бұлардың қатарында корей, марқұм Мария Өтебаева болған еді. Олардың бас­тама­ла­ры­мен өткізілетін халықтар достығы, ел бірлігі, ынтымақ орнату жұ­мыс­та­рында көпшілік мәдени шаралардың мәні зор. Жылма-жыл Кас­пий өңіріндегі көпұлтты ха­лық­тар­дың бірлігін насихаттау мақсатында дәстүрлі “Ассамблея аруы” сайысы өткізіледі. Оның же­ңімпаздары – қазақ тілін, дәстүрін жақ­сы меңгерген өзге ұлт қыздары. Халқымыздың тілін, салт-дәстүрін, мәдениетін наси­хат­тау­да­ғы тағы бір маңызды шара, 15 мамыр – Халықаралық отбасы кү­ні­не арналған “Шаңырақ” отбасы мерекесінде этнос өкілдері отбасы және туысқандық ара қатынасты сақ­тауда, салт-дәстүрі мен әдет-ғұ­рып­тарын, ас дайындау шеберліктерін ұрпақтан ұрпаққа жет­кізудегі құпия сырларымен бө­лі­седі. “Иверия” грузин ор­талы­ғын­да ұйымдастырылған тау ха­лық­та­рының би өнерін тегін үйрету курсы жастар арасында қолдау тапты. Бірлестіктің көркем­өнер­паз­дар ұжымы Бурабайдағы республи­ка­лық “Балдәурен” сауықтыру ла­ге­рі­нің жолдамасына ие болды. Тағдыры тауқыметті қазақ халқының тарихын қазіргі жас­та­ры­мыз толық біле ме деп ой­лай­сың. Өзгеге таныту үшін алдымен өзің­ді өзің танып алу керек емес пе! Біз, Ассамблея мүшелері, Қазақ­стан тарихын балабақшаларда, ор­та, арнаулы, жоғары оқу орын­да­рын­да оқыту мәселесіне әлі де болса көңіл бөле түсуіміз керектігі қазіргі және болашақ уақыт та­ла­бы деп білеміз. Этносаралық қатынастар са­ла­сын­дағы мемлекет қызметінің маңызды бағыты теңгерімді тіл саясатын жүргізу болып табылады. Мемлекетіміздің өзегі, оның дамуы мен қалыптасуында шешуші тарихи рөл атқарушы – қазақ ұлты. Сол үшін де қазақ тілінің қолдану ая­сын кеңейтудің кешенді шаралары қол­ға алынып, Қазақстан ха­лық­та­ры­ның белағашы болатын қазақ мәдениетін өркендету ісі шешімін табуы тиіс. Осы ретте Қазақстан хал­қы Ассамблеясы да қазақ тілінің ты­нысын кеңейтуге өзінің үлесін қо­сып келеді және алда да қоса бе­ре­тін болады деген жөн. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымның төрағалық қызметіне кірісуіне орай жариялаған Үндеуінде: “Біз ЕҚЫҰ-ға мүше елдерді 2010 жылы, жоғары деңгейдегі кездесуді шақыру туралы Қазақстанның бастамасын қолдауға шақырамыз. ЕҚЫҰ елдері көшбасшыларының кездесуі Хельсинки Қорытынды актісінің 35 жылдығын, Париж хартиясының 20 жылдығын және Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуының 65 жылдығын атап өту мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Осы ретте, Хельсинки Қорытынды актісіне қол қойылған 1 тамызды — Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы күні деп жариялау туралы ұсынысты қарауды ұсынамын”, деген еді. Қазақстанның бастамасы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының 2010 жылды Мәдениеттер жақындасуының халықаралық жылы деп жариялауы, Конституциямыздың 15 жылдығы, Германияның Қазақстандағы, еліміздің Кореядағы жылдары бізге өте жауаптылық жүктейді. “Төртеу түгел болса, төбедегі келеді” демекші, ауызбірлігіміз мықты болса, шаңырағымыз ешқашан шайқалмайды. Жаннат АСАБАЕВА, Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – хатшылық меңгерушісі, ХVІ сессия делегаты. Атырау облысы.