07 Қыркүйек, 2010

Іс басындағы төрағаның мәлімдемесі

472 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы, Қазақстан Республикасының Мем­ле­кет­тік хатшысы – Сыртқы істер ми­нистрі Қанат Саудабаев кеше мынадай мәлімдеме жасады, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі. “ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы Таулы Қарабақ жанжалды аймағындағы Түйісу желісі бой­ын­да оқ атуды тоқтату режімінің соң­ғы кездері бұзылуы жиілеп кетуін ше­шімді түрде айыптайды. Екі жақтан да адам өлімінің өсуі ай­тар­лықтай дабыл қақтырады”, делін­ген мәлімдемеде. ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төр­аға­сы сондай-ақ өзінің  мәлім­де­ме­сінде оқ атпау режімін бұзудың кез келген көрінісі Минск конферен­ция­сы аясында жүргізіліп жатқан  ке­ліссөз үдерістерін тұрақсыздан­ды­рып, конструктивті үнқатысуды белсенді ету жолындағы мүмкін­дік­терді шектейтінін атап көрсетеді. Осыған байланысты ол 2010 жыл­дың 6 қыркүйегінде жанжалдасушы тараптарды сабырлылық көрсетіп, оқ атуды тоқтату туралы уағдалас­тық­тарды қатаң сақтауға және өз­ара айыптауларға құрылған мәлім­демелер жасаудан тартынуға ша­қырған Минск тобы тең төраға­ла­рын қолдайды. Қ.Саудабаев мәлімдемесінің қорытындысында Астанада өтетін ЕҚЫҰ саммиті алдында, яғни күз айлары бойы Минск тобы тең төрағалары жоспарлап отырған Тау­лы Қарабақ проблемаларын рет­теу бойынша ымыра жолын із­деу аталған созылмалы жанжалға бар­лық тікелей қатысушылар тара­пынан прогреске жетуге шынайы мүдделілік танытылған жағдайда ғана нәтижелі болатынын атап көрсетеді.
Соңғы жаңалықтар