07 Қыркүйек, 2010

Спорт кешені – Астана күніне сыйлық

480 рет көрсетілді

Бәрекелді!

Жастардың былғары қолғап киіп, бокспен жаттығуларына ар­налған облыс орталығынан арнайы орын ашу туралы ұсыныс облыс әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасы болды. Спорттың осы түрімен айналысатындар үшін, әрине, барлық құрал-жабдықтары, жаттығу залы, басқа да қажетті бөл­мелері бар шағын кешеннің ашыл­ғаны қуанышты жәйт. Ал, спорт­тың жастар жақсы көретін осы түрінің облыс бойынша дамуына үлестерін қосып, демеушілік жасап бокс залын пайдалануға берген Дан­бай Шухрат басқаратын “Пав­ло­дар мұнай-химия зауыты” акцио­нерлік қоғамы. Бокс залының ашылу құрметіне Бейжің Олим­пиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев келіп қатысты. Боксшы өзінің спорттағы же­ңіс­ке жету жолы осындай шағын бокс залдарынан басталғанын есіне алды. Айтпақшы, пайдалануға бері­ліп отырған бокс залы құрылысы келер жылы толық аяқталатын спорт кешенінің бір бөлігі ғана болып табылады. Зауыт басшылығы екі бокс алаңы, 50 орынды көрер­мен залы, 20 спортшыға арналған қонақ үй бөлмелері бар спорттық кешенді бір жылдан соң іске қос­пақ­шы. Яғни, облыс орталығында өтетін түрлі жарыстарды осы жаңа кешенде өткізе беруге болады, әрі былғары қолғап киіп алып күштерін сынауды жақсы көретін жастар қатары да көбейері сөзсіз. Кешен зауыттың келер жылы аталып өтетін Астананың туған күніне арнайтын сыйлығы болмақ­шы. Енді біраз уақыттан соң облыс орталығында жарқыраған жаңа теннис кешені де бой көтереді. Елбасы биылғы Жолдауында 2020 жылға дейін халқымыздың 30 па­йызы дене шынықтыру және спорт­пен айналысулары қажет деген болатын. Олай болса, осын­дай жаңа кешендердің ашылуы жұрт­шы­лықты отбасымен бірге сала­матты өмір салтын қалып­тас­тыруға, денсаулықтарын шыңдауға тартатыны анық. Фарида БЫҚАЙ. ПАВЛОДАР.
Соңғы жаңалықтар

Мәулен Әшімбаев Қытай халқына көңіл айтты

Парламент • 02 Желтоқсан, 2022

Шекараны бүкіл ел қорғайды

Қоғам • 02 Желтоқсан, 2022

Ұқсас жаңалықтар