Бәрекелді!
Жастардың былғары қолғап киіп, бокспен жаттығуларына арналған облыс орталығынан арнайы орын ашу туралы ұсыныс облыс әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасы болды. Спорттың осы түрімен айналысатындар үшін, әрине, барлық құрал-жабдықтары, жаттығу залы, басқа да қажетті бөлмелері бар шағын кешеннің ашылғаны қуанышты жәйт. Ал, спорттың жастар жақсы көретін осы түрінің облыс бойынша дамуына үлестерін қосып, демеушілік жасап бокс залын пайдалануға берген Данбай Шухрат басқаратын “Павлодар мұнай-химия зауыты” акционерлік қоғамы. Бокс залының ашылу құрметіне Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев келіп қатысты. Боксшы өзінің спорттағы жеңіске жету жолы осындай шағын бокс залдарынан басталғанын есіне алды. Айтпақшы, пайдалануға беріліп отырған бокс залы құрылысы келер жылы толық аяқталатын спорт кешенінің бір бөлігі ғана болып табылады. Зауыт басшылығы екі бокс алаңы, 50 орынды көрермен залы, 20 спортшыға арналған қонақ үй бөлмелері бар спорттық кешенді бір жылдан соң іске қоспақшы. Яғни, облыс орталығында өтетін түрлі жарыстарды осы жаңа кешенде өткізе беруге болады, әрі былғары қолғап киіп алып күштерін сынауды жақсы көретін жастар қатары да көбейері сөзсіз. Кешен зауыттың келер жылы аталып өтетін Астананың туған күніне арнайтын сыйлығы болмақшы. Енді біраз уақыттан соң облыс орталығында жарқыраған жаңа теннис кешені де бой көтереді. Елбасы биылғы Жолдауында 2020 жылға дейін халқымыздың 30 пайызы дене шынықтыру және спортпен айналысулары қажет деген болатын. Олай болса, осындай жаңа кешендердің ашылуы жұртшылықты отбасымен бірге саламатты өмір салтын қалыптастыруға, денсаулықтарын шыңдауға тартатыны анық. Фарида БЫҚАЙ. ПАВЛОДАР.Қазақстан Ресей экономикасына 9 млрд доллар инвестиция салды
Үкімет • Бүгін, 19:48
Ел мектептерінде 50-ден астам «Жас құтқарушы» сыныбы ашылды
Қоғам • Бүгін, 19:00
Атырау маңында батпақта қалған 12 жолаушы құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 18:28
Солтүстік Қазақстан облысы тасқын суға дайын ба?
Аймақтар • Бүгін, 17:43
Елордада республикалық олимпиада жеңімпаздары марапатталды
Білім • Бүгін, 17:01
Жамбылда 105 жас педагог конкурссыз жұмысқа қабылданды
Білім • Бүгін, 16:30
Роман Скляр Қытай парламенті төрағасымен кездесті
Үкімет • Бүгін, 16:01
Ақтөбеде полицей шетелдік азаматқа көмек көрсетті
Қоғам • Бүгін, 15:29
Қарағандылық майдангерге Қорғаныс министрінің құттықтау хаты табысталды
Өшпес даңқ • Бүгін, 15:00
Президенттің жаңа көмекшісі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 14:23
Мемлекет басшысы Ерболат Досаевты қызметінен босатты
Президент • Бүгін, 14:15
Ұлттық білім академиясы экологиялық білім стандартын әзірлеп жатыр
Экология • Бүгін, 13:51
Үстел теннисі: Кирилл Герасименко ел чемпионатында үш алтын еншіледі
Спорт • Бүгін, 13:11
Израильдің Ливанға жасалған шабуылынан 45 адам зардап шекті
Әлем • Бүгін, 12:47
Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік әзірлігі тексерілді
Әскер • Бүгін, 12:06