07 Қыркүйек, 2010

Шығыс кенішіне – 25 жыл

626 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Бұл мереке кеншілер қаласы – Екібастұздағы “Өнер” мәдениет са­райында аталып өтті. Көмір өн­ді­ретін “Шығыс” кеніші – “ENRC”-дің не мағына беретінін таратып ай­тар болсақ, ол Еуразиялық таби­ғи ресурстар корпорациясы құра­мы­на қарайтын “Еуразиялық энер­гетикалық корпорациясы” акцио­нер­лік қоғамының бөлімшесі деген сөз. Кеніштің жылдық көмір өндіру межесі қазіргі күндері 22 миллион тоннаға жетіп отыр. Мереке күні ар­дагер кенші, Парламент Мәжілі­сінің депутаты Аманқос Өтегенов: “Бұл жер мидай жазық дала еді, біз ол жерді осылай игеріп, ел игілігіне айналдырдық”, – деп еске алды. Кеншілерді облыс әкімі Бақыт­жан Сағынтаев құттықтады. Кеніш елімізде қабылданған үдемелі инно­ва­­циялық-индустриялық бағ­дарла­ма­ны дамытатын кәсіп­орын­дар қата­рын­да тұр. Жуырда көмірді жер ас­ты­нан тазалап, аршып алып шы­ғатын карь­ерлік-конвейерлік жүйе іске қо­сылды. Бұл жұмысқа 85 мил­лион АҚШ доллары жұм­сал­ды. Жа­ңа ны­санда 200 адам жұ­мыс­пен қам­тылған. Ке­ніштің та­бысты жұ­мыс жасауы үшін еңбек ет­кен кен­ші­лерге сый-құр­мет жасалды, кеш со­ңынан “Ұлы­тау” тобының жігіттері өнер көрсетті. Фарида БЫҚАЙ. Павлодар облысы. * * *

БОЛАШАҚҚА САУ КӨЗБЕН ҚАРАЙЫҚ

Елбасының Жолдауларында қо­ғамдағы адам денсаулығын қорғау мен саламатты өмір салтын қалып­тастыруға баса мән берілсе, өңірде осы мақсаттағы жұмыстардың тия­нағы келтіріліп келе жатқаны қуан­тады. Өңір халқына медициналық қызмет көрсету бағытындағы нақты жұмыстармен бірге, ауырып ем ізде­генше, ауырмайтын жол ізде қа­ғидатына бағытталған шаралар­дың жалғасын табуы осының нақты дәлелі. “Денсаулық жолы-2010” бағдар­ламасы бойынша “Болашаққа сау көз­бен қарайық” тақырыбындағы облыстың барлық аймақтарын қам­ты­ған насихат жұмысы көпшіліктен қол­дау тауып, Талдықорған, Тал­ғар, Іле, Қарасай және басқа өңір­лерде жалғасты. Акция барысында дамыған қоғамдағы техниканы мең­геру кезінде қос шырақты сақ­тау, оны түрлі аурулардан қорғау мәселелері ортаға салынды. Көз – адамның айнасы деген. Таңның атысы, күннің батысы ком­пьютер мен теледидарға тесіліп, оны өмірінің белгілі бөлшегіне ай­налдырғандықтан, жалт еткен жа­нар­ға түсетін салмақ үлкен екені дау­сыз. Әр адамның денінің сау­лы­ғы – қоғамның саулығы деген ак­ция барысында дәрігерлер кеңесін тыңдап, көру шамасын анықтау мен емдеуге қатысқандар алғыс­та­рын жеткізді. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы. * * *

САҒЫНДЫРҒАН ӘНДЕР-АЙ!

“Сағындырған әндер-ай” ретро әндер фестивалі тұңғыш рет Өскеменде дүрілдеп өтті. Оған облыс әкімі Б. Сапарбаев қатысты. Қазақстанның өнер жұлдыздары Нұрғали Нүсіпжанов, Майра Ілиясова, Мақпал Жүнісова, Майра Нүркенова, Махмут Тойкенов әннен шашу шаш­ты. Нұрғали сонау жетпісінші жылдарда ақын Зарықбай Ыбыраевтың шығарған “Өскеменім” әнін шырқаған кезде атшаптырым зал іші сілтедей тынды. Оңдасын ЕЛУБАЙ. ӨСКЕМЕН. * * *

“БАЯНТАУДЫҢ” РЕДАКТОРЫ – ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСТ

Шакрат Шалбай аудандық га­зетте 50 жыл бойы қызмет етіп, ға­жайып жердің, елдің қадірін ұлық­тап, өткеннің шежіресін, тау бау­рай­ында отырған ауылдардың ты­ныс-тіршілігін қолындағы қалам­мен өрнектеп бүгінге жеткізіп келе­ді. Табиғатына бүкіл қазақ тамса­на­тын Баянауылдай жердің атағына сай аудандық газет те “Баянтау” деп аталады. Осы жерде өскен кіш­ке­не баладан қарттарына дейін “Бая­ным, Баянтауым” деп отырады. Бүгінгі “Егемен” келді ме деп елеңдеп, газет қолына тигенше ты­қыршып отыратын ағамыз оқи сала біздің тілшілер қосынына жиі те­лефон шалып, мақалалар жайында ой бөлісіп, пікір білдіріп жатады. “Егемен” деген сөздің өзі қандай, ә! Кезінде осы бір ауыз сөз елдің ша­ңырағын биікке қашан шыға­ра­ды деп армандаушы едік, сол күнге қол жетті, енді сол егемендікті, ел­дікті қорғап, сақтап қалу – біздің мін­детіміз, ал Баянауыл дегеніңіз тұ­нып тұрған шежіре, тарих, жи­ған-терген жетеді, оны кейінгі ұрпаққа несібе ғып жазып қалды­рармыз”, – дейді Шалбай. Ардагер журналист 50 жыл бойы аудандық газетте еңбек етсе, аудан әкімі Ернұр Айткенов бастап аудан әкімдігі шығармашылық кешін өткізді. Қалам тербеген көп жылғы қызметі үшін “Ерен еңбегі үшін” медалінің иегері болған аға­мыз енді еліміздің Журналистер одағы ұсынған “Қазақстанның құрметті журналисі” белгісімен ма­рапатталды. Ол өз маңайына жас тіл­шілерді топтастырды, журналис­ти­каның қыр-сырын үйретіп, көп білу, көп оқу-тоқу керектігін назарға салды. – Ал қолға қалам алған қазақ жур­налисі үшін тіл тағдыры, ел мен жердің беріктігі, ауыл-елдің бүтін­ді­гі, жалпы Отанымыздың патриот­тық үні, дауысы болуы керек, –дейді Ш.Шалбай. Көргені мен білгені көп, тау баурайындағы қа­сиетті жердің сыр бүккен әр тасын сөйлете алатын, сарғайған қойын дәптерлерін байлығы көретін жу­р­налист ағамызға біз де шығар­ма­шылық табыс тілейміз. Фарида БЫҚАЙ. Павлодар облысы.
Соңғы жаңалықтар