Олар автошеру барысында Астана – Ювязкюля – Астана және кері бағытта жол жүріп, саяхаттың соңғы нүктесі Финляндияда өткен WRC әлемдік раллиінде болды. Оған қазақстандық Арман Смайылов қатысты.
Автошерудің басты мақсаты – VІІ қысқы Азия ойындарын насихаттау, ірі халықаралық жарыстарды кәсіби ұйымдастырушылардың тәжірибесін зерттеу болды. Мұнда олар ралли ұйымдастыруға еріктілерді тарту тәжірибесін үйреніп, Себастьян Ожье, Петтер Солберг, Яри Мати Латвала сияқты белгілі жарыс иелерімен кездесті.
Естеріңізге сала кетсек, ойын алауы елорда бойынша Есіл өзенінің айдынынан өту аясында 2011 жылдың 30 қаңтарында ралли өтіп, ондағы жеңімпаз өз автокөлігінде Азиада алауын алып өту құқығына ие болады.
Автошеру 19 шілдеде Астана қаласында VІІ қысқы Азия ойындарының ашылуына қалған күнді есептейтін стелладан басталған болатын. Сөйтіп, Астанадан автошеруге қатысушылар Эстафета дирекциясымен бірігіп, Қазақстанның солтүстік өңірлерін жүріп өтті. Одан әрі команда бөлініп, автошеру Финляндияға бағыт алса, “Mіtsubіshі” колоннасы Азия ойындары алауының бағыты бойынша алға жылжыды. Алау эстафетасының ресми серіктесінің автокөліктерінде елді аралай отырып, дирекция қызметкерлері Қазақстанның барлық өңірлерінде белгілемелік жиналыстар өткізді. Жобаның тұсаукесер рәсімдері алауды алып жүрушілерді іріктеуге арналған семинарлармен бірге жүргізілді.
Ал кері жолда Қазақ елінде “Нұр Отан” партиясының өңірлік филиалдары ұйымдастырған кездесулерде автошеруге қатысушылар алдағы Азиада туралы өз пікірлерін ортаға салып, авто және мотоклубтардың өкілдерімен, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының жастар бірлестіктерімен тәжірибе алмасты.
Дастан КЕНЖАЛИН.

Астана мен 16 өңірде дабылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 00:30
Жүктілікті жоспарлап жүрген әйелдер қандай тексеруден тегін өте алады?
Әйел әлемі • Кеше
АИ-92 бағасы өседі деген ақпарат шындыққа жанаспайды – министрлік
Энергетика • Кеше
Медициналық сақтандыру қорының төрағасы қызметінен кетті
Медицина • Кеше
Павлодар облысында екі көлік соқтығысып, жеті адам зардап шекті
Аймақтар • Кеше
Қостанай облысында көлік қозғалысы шектелді
Ауа райы • Кеше