13 Наурыз, 2015

Жәнібек Әлімханұлы ана туралы ән шырқады (видео)

418 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
sbornyi po boxuАСТАНА. 13 наурыз. Бокстан еліміздің ұлттық құрамасы Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университетінің студенттерімен кездесу өткізді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Кездесуге бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов, 2013 жылғы әлем чемпиондары Данияр Елеусінов (69 кило) пен Жәнібек Әлімханұлы (75 кило) және 2012 жылғы Лондон олимпиадасының қола жүлдегері Иван Дычко (+91 кило) қатысты. Шара барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, боксшылар туралы қызықты мәліметтерге қанықты. Сондай-ақ, студенттер Жәнібек Әлімханұлынан ән шырқап беруін сұрап, қолқа салды. Замандастарының өтінішін жерге тастамаған Жәнібек бірден «Ана туралы жырды» орындап берді. Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: kazatu.kz.