АСТАНА. 24 мамыр. Дәл қазір Астанадағы «Дәулет» ұлттық теннис орталығында Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) жартылай финалы өтуде. Соның аясында «Астана арландары» Ресей боксшыларын қабылдауда. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Кеше өткен бірінші жарыс күнінде боксшыларымыз қарсыластарын 5:0 есебімен жеңгені белгілі. Ал бүгінгі кездесудің алғашқы жекпе-жегінде 52 кг.-да бақ сынаған Олжас Сәттібаев командамызға 6-шы ұпайды алып келді. Ол қарсыласы Карен Арутюняннан 3:0 (49:46, 48:47, 49:46) есебімен басым түсті. Нәтижесінде «арландар» жалпы есепті 6:0-ге жеткізіп, мерзімінен бұрын финалға жолдама алды.
Шешуші сында Марат Жәкиев жаттықтыратын боксшыларымыз Кубаның «Куба домадорес» командасымен кездеседі. Өз кезегінде кубалықтар Мексика командасын жалпы нәтиже бойынша 10:0 есебімен жеңген болатын.
Бүгінгі бокс кешінде тағы мына боксшылардың жекпе-жегіне куә боламыз.
60 кг.: Закир Сафиуллин – Артур Субханкулов.
69 кг.: Данияр Елеусінов – Якуб Нуриев.
81 кг.: Нұрдәулет Жарманов – Эдуард Якушев.
+91 кг.: Иван Дычко – Руслан Шамалов.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: worldseriesboxing.com.
• 24 Мамыр, 2015
Бокс. «Астана арландары» WSB жобасының финалына шықты

Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Бүгін, 14:06
Теміржолшыларға баспана: «ҚТЖ» мен «Отбасы банк» жаңа жобаны іске қосты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаланды
Оқиға • Бүгін, 13:09
Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді
Қоғам • Бүгін, 12:48
Түркияда мектепке шабуыл жасамақ болған топ ұсталды
Әлем • Бүгін, 12:32
Соңғы үш айда құқықбұзушылық саны 15,1 пайызға азайды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:10
Ұлттық кітап күніне орай өңірлерде қандай іс-шаралар өтеді?
Қоғам • Бүгін, 11:58
Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 11:38
SMS-бластер мен дипфейк: Бас прокуратура 18 жаңа киберқауіпті анықтады
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:22
2050 жылға қарай елімізде кемінде үш АЭС салынады
Энергетика • Бүгін, 11:00
АҚШ Ресей мұнайына қатысты санкциялық жеңілдіктерді 16 мамырға дейін ұзартты
Әлем • Бүгін, 10:41
Үсік жүріп, дауыл тұрады: 18 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 10:21