АСТАНА. 24 мамыр. Австрия астанасы – Венада өткен «Еуровидение-2015» ән байқауында Швеция әншісі Монс Зелмерлев жеңімпаз атанды. Бұл туралы euronews.com хабарлады. Байқауда Зелмерлев Heroes («Батыр») әнін шырқады. Нәтижесінде 365 ұпай иемденген ол жеңімпаз атанды. Швед әншісіне басты сыйлық – шыны микрофонды өткен жылғы жеңімпаз Кончита Вурст табыс етті. Енді 2016 жылғы байқау Швеция астанасы – Стокгольмде өтеді. Айта кетер жайт, Зелмерлев бұл сайысқа үшінші мүмкіндігінде ғана жолдама алған. Алғашқы екі сәтсіздігінде орындаған ән кейін Ресейдің белгілі әншісі Филипп Киркоровтың репертуарына енген. Шведтің жеңісі жанкүйерлеріне зор қуаныш сыйлағанымен, бұл белесті Швеция билігінің қалай қабылдағаны белгісіз. Себебі, байқауға келген швед делегациясының басшысы Кристер Бьеркман бұған дейін «Еуровидениені» ұйымдастыру өте қымбатқа түсетінін айтқан еді. Байқау нәтижесінде 2-орын Ресей әншісі Полина Гагаринаға бұйырды. Оның орындауындағы Million Voices әні көрермендердің көңілінен шықты. Ал үздік үштікті Grande Amore әнімен II Volo триосы (Италия) түйіндеді. Аталған ән сайысы биыл 60-ше рет ұйымдастырылды. Оған 40 елдің өкілі қатысты. Ал финалда бірінші және екінші жартылай финалдың қорытындысы бойынша іріктелген 27 елдің әншісі өнер көрсетті. Еламан Қоңыр. Дерек: euronews.com. Сурет: reuters.com.
Мәдениет • 24 Мамыр, 2015
«Еуровидение-2015» ән байқауын Швеция әншісі жеңіп алды (видео)
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Бүгін, 14:06
Теміржолшыларға баспана: «ҚТЖ» мен «Отбасы банк» жаңа жобаны іске қосты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаланды
Оқиға • Бүгін, 13:09
Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді
Қоғам • Бүгін, 12:48
Түркияда мектепке шабуыл жасамақ болған топ ұсталды
Әлем • Бүгін, 12:32
Соңғы үш айда құқықбұзушылық саны 15,1 пайызға азайды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:10
Ұлттық кітап күніне орай өңірлерде қандай іс-шаралар өтеді?
Қоғам • Бүгін, 11:58
Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 11:38
SMS-бластер мен дипфейк: Бас прокуратура 18 жаңа киберқауіпті анықтады
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:22
2050 жылға қарай елімізде кемінде үш АЭС салынады
Энергетика • Бүгін, 11:00
АҚШ Ресей мұнайына қатысты санкциялық жеңілдіктерді 16 мамырға дейін ұзартты
Әлем • Бүгін, 10:41
Үсік жүріп, дауыл тұрады: 18 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 10:21