Шараға Батыс Қазақстан облысы ҚХА өкілдері мен этномәдени бірлестіктер, Достық клубының мүшелері, орта және жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Түркістан қаласынан бастау алған республикалық эстафета жуырда Атырау облысынан Ақжайық өңіріне келіп жеткен еді.
– Береке мен тоқшылықтың символына айналған қасиетті Тайқазан еліміздегі көптеген облыс орталықтарын аралап өтіп, біздің өңірімізге де келіп жетті. Бүгінгі шараның басты мақсаты – ел ішінде атқарылып жатқан жақсы істердің тізімін Тайқазанға салып, оны Ақтөбе облысына табыстау. Еліміздегі барлық облыстарды аралап, сәуірдің 22-сі күні Астана қаласына жеткізілетін ізгі істерге толы Тайқазан ҚХА-ның кезекті сессиясында Ассамблея Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа табысталмақ, – деді салтанатты шарада құттықтау сөз алған Батыс Қазақстан облысы ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақов.
– Құрметті батысқазақстандықтар, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына байланысты бүгінгі акцияға біздің облыстағы 19 этномәдени бірлестіктің де қосар үлесі мол болмақ. Олардың әрқайсысы бүгінде түрлі ізгілікті істермен айналысуда. Біз де өз кезегімізде қазақ үшін бірліктің тірегі, халық тоқшылығының белгісі болған киелі Тайқазанды Қостанай облысына аттандырмақпыз. Татулық пен келісім салтанат құрған Қазақ елінің ізгілікті істері молая берсін, – деді «Қазақстан халқы Ассамблеясы – 20 ізгі іс» республикалық «Тайқазан» эстафетасын салтанатты түрде қабылдап алған Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылық меңгерушісі Жолдас Нұршин.
Салтанатты жиында «Қазақстан халқы Ассамблеясы – 20 ізгі іс» аясында Ассамблеяның жекелеген өкілдерінен құралған, «ҚАЗИИТУ» ғылыми-білім кешенінің президенті, облыстық мәслихаттың депутаты Ақсерік Әйтімов төрағалық ететін «Мейірім шуағы» еріктілер қозғалысының тұсаукесер рәсімі жасалды.
Шара барысында облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернат кешенінің, сондай-ақ, «Яик» фольклорлы этнографиялық және Жастар шығармашылығы орталықтарының, «Ақжайық» би ансамблінің өнерпаздары жұртшылыққа мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Нұртас САФУЛЛИН,
журналист,
Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан».
ОРАЛ.
Суретті түсірген
Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ.

Imam AI: Енді жасанды интеллект діни сұрақтарға жауап береді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:05
Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 16:44
Моңғолияға көлікпен бару мүмкін болмақ: Президенттер төте жол салуға уағдаласты
Президент • Бүгін, 16:38
Қазақстан Моңғолияға ғарыштан бақылау жүйесін құруға көмектеседі
Президент • Бүгін, 16:29
Мұғалімдерге ерекше балалармен жұмыс істеуді үйрететін арнайы курстар енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 16:20
Астанада тәулігіне 1,5 мың тонна қалдық өңдейтін экопарк бой көтереді
Экология • Бүгін, 16:08
Баян-Өлгей аймағында Қазақстанның консулдық мекемесі ашылады
Президент • Бүгін, 16:05
Әлеуметтік дертке тосқауыл бола ма?
Мәселе • Бүгін, 16:00
Кореяда заңды жұмыс істеу: Министр келіссөздердің неге кешеуілдегенін түсіндірді
Еңбек • Бүгін, 15:57
Делиберациялы демократия – дамудың бір даңғылы
Саясат • Бүгін, 15:53
Қазақстан мен Моңғолия арасында 13 құжатқа қол қойылды
Президент • Бүгін, 15:33
Тәжікстан президенті Астанаға жұмыс сапарымен келді
Президент • Бүгін, 15:27
Астана қаласының әкімі LRT-ның қашан іске қосылатынын айтты
Елорда • Бүгін, 15:18
200-ге жуық самокат пайдаланушысы жауапқа тартылды: Полиция бақылауды күшейтті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:58