Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі заманғы өнер мен технологиялардың Astana Art Fest І фестивалін және «Нұрлы Есіл» мультимедиалық лазерлі-пиротехникалық шоуды тамашалады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы елорданың сулы-жасыл желекті бульварында Astana Art Fest фестивалінің алдағы ЭКСПО-2017 көрмесінің идеясын айшықтайтын «От энергиясы», «Су энергиясы» және «Ауа энергиясы» тақырыптық аймақтарын аралап көрді.
Фестиваль алаңында Франция, Германия, Нидерланд, Италия, Испания, АҚШ, Ресей және Қазақстан суретшілерінің жұмыстары мен инновациялық инсталляциялар қойылды. Сонымен қатар, балаларға арналған шығармашылық шеберлік сыныптары, театрландырылған көше қойылымдары және болашақтың энергиясы туралы қызықты әрі интерактивті формада әңгімелейтін оқу семинарлары ұйымдастырылды.
***
Нұрсұлтан Назарбаев, сондай-ақ, Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев және Түркияның бұрынғы Президенті Абдулла Гүлмен бірге лазерлі-пиротехникалық шоуды тамашалады.
Есіл өзенінде орнатылған сахналық алаңда хореографиялық қойылымдар өтті, сондай-ақ, симфониялық оркестр қазақ халық музыкасы шығармалары мен классикалық композицияларды қазіргі заманғы мәнерде орындады. Шоу барысында судан жасалған экранда түрлі елдердің тілінде қала күніне арналған құттықтаулар көрсетілді, ал су доғасы мен субұрқақтарда заманауи жарықты-лазерлік технологияны қолдану арқылы Астананың кескіні жасалды.
Суреттерді түсіргендер
С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Бүгін, 14:06
Теміржолшыларға баспана: «ҚТЖ» мен «Отбасы банк» жаңа жобаны іске қосты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаланды
Оқиға • Бүгін, 13:09
Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді
Қоғам • Бүгін, 12:48
Түркияда мектепке шабуыл жасамақ болған топ ұсталды
Әлем • Бүгін, 12:32
Соңғы үш айда құқықбұзушылық саны 15,1 пайызға азайды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:10
Ұлттық кітап күніне орай өңірлерде қандай іс-шаралар өтеді?
Қоғам • Бүгін, 11:58
Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 11:38
SMS-бластер мен дипфейк: Бас прокуратура 18 жаңа киберқауіпті анықтады
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:22
2050 жылға қарай елімізде кемінде үш АЭС салынады
Энергетика • Бүгін, 11:00
АҚШ Ресей мұнайына қатысты санкциялық жеңілдіктерді 16 мамырға дейін ұзартты
Әлем • Бүгін, 10:41
Үсік жүріп, дауыл тұрады: 18 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 10:21